Орманда өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 ақпанда № 6828 болып тіркелді. 2020 жылдың 31 қазанына дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданыста болу мерзімі – 31.10.2020 дейін (қаулының 1-т.).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңде 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 қазанына дейін жеке тұлғалардың Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) ормандарды өрттерден күзетуді және қорғауды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады