2020 жылға Ақтөбе қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 576 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 ақпанда № 6797 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға Ақтөбе қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Абдуллин

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтары № 576 қаулысына қосымша

2020 жылға Ақтөбе қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н №

Ұйымдардың атаулары

Жұмыс керлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындары ның саны (бірлік)

1

"Стройдеталь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

125

4%

5

2

"ЦСС и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

4%

2

3

"Golden Rill Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақтөбе қаласындағы филиалы

50

4%

2

4

"КТП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

125

4%

5

5

"Завод ЖБИ-25" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

4%

2

6

"Геом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

4%

4

7

"Акпан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

4%

5

8

"Актобе - Саулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

4%

2

9

"Гелиос" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақтөбе филиалы

303

4%

12

10

"Актобе Фудс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

4%

2

11

"Sinooil" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақтөбе филиалы

212

4%

8

12

"Восток нефть и сервисное обслуживание" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

4%

4

13

"Рамазан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

125

4%

5

14

"Интерстиль" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

125

4%

5

15

"Казхром" Трансұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы "Казхром" ТҰҚ" АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

125

4%

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады