Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 2139 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 мамырда № 7129 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Транстелеком" акционерлік қоғамымен "Ақтөбе-Озинки" магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін, Ақтөбе қаласы аумағында орналасқан жалпы көлемі 11,90 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 26.10.2020 № 4030 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады