Ақтөбе қаласы әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 7 "Ақтөбе қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қазанда № 7509 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласы әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 7 "Ақтөбе қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6434 санымен тіркелген, 2019 жылғы 30 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшасында:

      барлық мәтін бойынша "Темірқазық көшесі", "Темірқазық көшесі (бұрынғы Екпінді көшесі)" деген сөздер "Темірқазық көшесі (бұрынғы Ударная көшесі)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады