Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданының әкімі |
Д. Ермаганбетов |
2020 жылғы 16 сәуірі № 71 | |
Әйтеке би ауданы әкімдігінің | |
қаулысына қосымша |
2020 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Комсомол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 95 | 2 | 2 |
2 | "Кұмкұдык" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 71 | 2 | 2 |
3 | "Назерке-2013" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 14 | 2 | 1 |
4 | "Жамбыл-С" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 12 | 2 | 1 |
5 | "Жайылхан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 16 | 2 | 1 |
6 | "ЕНБЕК - AGRO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 17 | 2 | 1 |
7 | "БУЛАК - АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 18 | 2 | 1 |
8 | "Рахат+" ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі | 16 | 2 | 1 |
9 | "Ансар" ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі | 14 | 2 | 1 |
10 | "Томирис" ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі | 14 | 2 | 1 |
11 | "Табыс и К" ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі | 12 | 2 | 1 |