2021 жылға Байғанин ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 272 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 7866 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға Байғанин ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі К. Утаров

  Байғанин аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 272 қаулысына қосымша

2021 жылға Байғанин ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Байғанин көлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

2%

1

2

"Байғанин аудандық түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байғанин" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

31

2%

1

3

"Мерей и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады