Карантинді алу және Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 26 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 қаңтарындағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 қаңтарда № 6713 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 2-8-05/172 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округіне қарасты Қаражар ауылында орналасқан "Сарыирек" және "Байтау" шаруа қожалықтарында мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.

      2. Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 26 "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6451 тіркелген, 2019 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жарқамыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқамыс ауылдық округінің әкімі Р. Обаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады