Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 23 "Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 319 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 шілдеде № 7297 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 23 "Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4951 тіркелген, 2016 жылғы 15 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Қ. Тілеуғабылов
      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Қосаяқов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады