ЗҚАИ-дың ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасыны 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға Қарғалы ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының әкімі | А. Джусибалиев |
Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 291 қаулысына қосымша |
2021 жылға Қарғалы ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ р/н | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Степное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 236 | 3 | 7 |
2 | "Степное Алтын Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 3 | 1 |
3 | "Велиховка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 35 | 3 | 1 |
4 | "ДиЛэнд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 85 | 3 | 3 |
5 | "Кайракты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 15 | 3 | 1 |
6 | "Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бадамша – Сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 73 | 3 | 2 |