Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кірспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 05.10.2020 № 274 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. 2020 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. Шермаганбет |
Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша |
2020 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ р/н | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (Жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Қобда-Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 44 | 2 | 1 |
2 | "Айди" жеке кәсіпкерлігі | 47 | 2 | 1 |
3 | "Каратобе" шаруа қожалығы | 46 | 2 | 1 |
4 | "Рид-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 2 | 1 |
5 | "Утепберген" шаруа қожалығы | 42 | 2 | 1 |
6 | "Канат-2" шаруа қожалығы | 40 | 2 | 1 |