Қобда аудандық маслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 148 "Қобда ауданында жер салығының мөлшерлемелерін және пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 303 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 наурызда № 6915 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 148 "Қобда ауданында жер салығының мөлшерлемелерін және пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-7-162 тіркелген, 2018 жылы 12 сәуірде "Қобда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Борамбаев
      Қобдау аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады