Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 9-бабы 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қобда ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.
2. "Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қобда ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауданының әкімі | Б. Кулов |
Қобда ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қазаны № 281 қаулысына қосымша |