Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.11.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 "Әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5022 тіркелген, 2016 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
келесі мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі:
1) табыстарын есепке алмай, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға уәкілетті ұйымның тізімдеріне сәйкес;
2) табыстарын есепке алмай, амбулаториялық ем алатын онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімдеріне сәйкес;
3) табыстарын есепке алмай, уәкілетті органның және "Қамқорлық–Мәртөк" мүгедектерге және қарт адамдарға көмек көрсету орталығы" қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсететін жалғыз тұратын қарт азаматтарға;
4) атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, арнайы аудандық комиссия бекіткен ауылдық округ әкімдері ұсынған тізімдердің негізінде.
Әлеуметтік көмек бір адамға тек бір санат бойынша құжаттарды ұсынбаусыз көрсетіледі.".
2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
В. Гончарюк |
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Альмухамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы |
Б. Елеусінова |
"____"____________2020 жыл |