2020 жылға Темір ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 40 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 6835 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға Темір ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Темір ауданының әкімі Ж. Калмаганбетов

  Темір ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 40 қаулысына қосымша

2020 жылға Темір ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (Жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"СНПС-Актобемұнайгаз" акционерлік қоғамының филиалы "Кеңкияқмұнай" мұнай-газ өндіру басқармасы

120

2

2

2

"Темір аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Байғанин атындағы Темір аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

96

2

2

3

"Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шұбарқұдық-жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

90

2

2

4

"Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Кеңқияқ-СК" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

40

2

1

5

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9

2

1

6

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9

2

1

7

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9

2

1

8

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9

2

1

9

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9

2

1

10

"Ақтөбе облысы, Темір ауданы Темір қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9

2

1

11

"Ақтөбе облысы, Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9

2

1

12

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Темір аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

450

0,4

2

13

"Ата-қоңыс" шаруа қожалығы

10

2

1

14

"Саға" шаруа қожалығы

10

2

1

15

"Компания Техногаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

2

1

16

Жеке кәсіпкер "Барбосынов М.Ш."

10

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады