2020 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 109 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 наурызда № 6855 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі
      Н. Алдияров

  Хромтау ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 5 наурыздағы
  № 109 қаулысына қосымша

2020 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

№ п/п

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері(жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық түрде)

Жұмыс орындарының саны(бірлік)

1

"Казхром" ТҰҚ" АҚ филиалы - Дөң тау кең байыту комбинаты

2696

2

54

2

"Восход-Oriel" ЖШС

528

0,5

3

3

"Восход Хром" ЖШС

287

0,5

1

4

"Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС

1433

1

14

5

"Коппер Текнолоджи" ЖШС

435

1

4

6

"БШПУ-Казахстан" ЖШС

180

1

2

7

"Хромтау кірпіш зауыты" ЖШС

111

1

1

8

"Нұр-Сапар" ЖШС

19

5

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады