Хромтау ауданы әкімдігінің және мәслихатының 2012 жылғы 7 тамыздағы № 247/51 "Хромтау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 118 қаулысы және Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 453 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 6925 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихатының 2012 жылғы 7 тамыздағы № 247/51 "Хромтау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3414 болып тіркелген, 2012 жылдың 20 қыркүйекте "Хромтау" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына және 2012 жылғы 18 маусымдағы № 2 азаматтар конференциясының хаттамасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1 тармағында:

      бірлескен қаулы мен шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде "проспект Мира" сөздері "проспект Победы" сөздерімен ауыстырылсын, қазақ тілдегі мәтін өзгертілмейді;

      бірлескен қаулы мен шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде "улица Новая" деген сөздерінен кейін "улица Новая станция" сөздерімен толықтырылсын, қазақ тілдегі мәтін өзгертілмейді.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі
      Н. Алдияров
      Хромтау аудандық мәслихаты сессияның төрағасы
      Е. Юшкевич
      Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы
      Д. Мулдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады