Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 168 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 маусымда № 7145 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Казхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен "Білге" кен біліну орнынан хромит кендерін барлау үшін, Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 871 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 16 қаңтарына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуты белгіленсін.

      2. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде "Казхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі
      Н. Алдияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады