Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 158 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 тамызда № 7320 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 760,54 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Clinal" "Клинал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2023 жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданы
әкімінің міндетін атқарушы
Ж. Жидеханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады