Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 111 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 19 наурызда № 5440 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Алматы облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 21 тамыздағы № 376 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3439 тіркелген, 2015 жылдың 10 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;

      2. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4153 тіркелген, 2017 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      3. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 145 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4662 тіркелген, 2018 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      4. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 376 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5132 тіркелген, 2019 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      5. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 376 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 26 маусымдағы № 259 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5195 тіркелген, 2019 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      6. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 376 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 12 қарашадағы № 499 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5300 тіркелген, 2019 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      7. Алматы облысы әкімдігінің "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 1 қарашадағы № 547 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4024 тіркелген, 2016 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      8. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 қарашадағы "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 547 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы № 178 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5133 тіркелген, 2019 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      9. Алматы облысы әкімдігінің "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632 тіркелген, 2018 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      10. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 6 ақпандағы № 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5054 тіркелген, 2019 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      11. Алматы облысы әкімдігінің "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4633 тіркелген, 2018 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      12. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 128 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 29 наурыздағы № 103 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5095 тіркелген, 2019 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      13. Алматы облысы әкімдігінің "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5131 тіркелген, 2019 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады