Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 154 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 10 сәуірде № 5454 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 46-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Алматы облысы әкімдігінің күштері жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 421 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3500 тіркелген, 2016 жылдың 9 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

      2. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 6 мамырдағы № 228 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3885 тіркелген, 2016 жылдың 4 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

      3. Алматы облысы әкімдігінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 584 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4506 тіркелген, 2018 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      4. Алматы облысы әкімдігінің "Облыс әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 584 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 5 маусымдағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4756 тіркелген, 2018 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      5. Алматы облысы әкімдігінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 593 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4505 тіркелген, 2018 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      6. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 593 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 27 қарашадағы № 529 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5308 тіркелген, 2019 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      7. Алматы облысы әкімдігінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4648 тіркелген, 2018 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады