Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 283 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 3 тамызда № 5576 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. М. Тұрлашовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 283 қаулысына қосымша

Алматы облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 11 тамыздағы № 354 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3436 тіркелген, 2015 жылдың 1 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;

      2. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 354 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы № 154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3792 тіркелген, 2016 жылдың 11 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;

      3. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 354 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 29 қарашадағы № 540 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5311 тіркелген, 2019 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      4. Алматы облысы әкімдігінің "Барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы № 477 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3589-1 тіркелген, 2016 жылдың 9 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;

      5. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы "Барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 477 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 624 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4988 тіркелген, 2019 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      6. Алматы облысы әкімдігінің "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары, объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы № 476 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3589-2 тіркелген, 2016 жылдың 9 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;

      7. Алматы облысы әкімдігінің "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қазандағы № 432 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4356 тіркелген, 2017 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      8. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 432 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 16 шілдедегі № 330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 тіркелген, 2018 жылдың 8 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      9. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қазандағы "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 424 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 25 шілдедегі № 338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4784 тіркелген, 2018 жылдың 16 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      10. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 289 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 20 қарашадағы № 551 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4897 тіркелген, 2018 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      11. Алматы облысы әкімдігінің "Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 27 маусымдағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5203 тіркелген, 2019 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      12. Алматы облысы әкімдігінің "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 20 тамыздағы № 357 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5222 тіркелген, 2019 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады