Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 2-8 шешімі "Ақсу ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 66-288 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 25 қыркүйекте № 5672 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу аудандық мәслихатының "Ақсу ауданында жиналыстар митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 2-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген, 2016 жылдың 26 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Усенов Нурбол Каметкалиевичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. Мусабаланов
      Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады