Байсерке ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 3 қарашада № 5725 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байсерке ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байсерке ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      Байсерке ауылындағы "60 лет пионерии" көшесі "Ұлы дала" көшесіне, "Вербный" көшесі "Бәйтерек" көшесіне, "Гаражная" көшесі "Астана" көшесіне, "Железнодорожная" көшесі "Хан жолы" көшесіне, "Линейная" көшесі "Ұлытау" көшесіне, "Новостройская" көшесі "Нұрлы жол" көшесіне, "Пионерская" көшесі "Байқоңыр" көшесіне, "Сибирская" көшесі "Жерұйық" көшесіне, "Солнечная" көшесі "Шұғыла" көшесіне;

      Жаңаталап ауылындағы "Школьная" көшесі "Атамекен" көшесіне, "Набережная" көшесі "Толағай" көшесіне, "Колхозная" көшесі "Есіл" көшесіне;

      Ынтымақ ауылындағы "Молодежная" көшесі "Қожа Ахмет Яссауи" көшесіне, "Школьная" көшесі "Мәңгілік ел" көшесіне, "Центральная" көшесі "Әл-Фараби" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байсерке ауылдық округ әкімі Т. Копбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады