Қаратал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 маусымдағы "Қаратал ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындай туралы" № 6-21 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 68-243 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 8 сәуірде № 5451 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал аудандық мәслихатының "Қаратал ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 08 маусымдағы № 6-21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3887 тіркелген, 2016 жылдың 04 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының аппарат басшысы Досымбаева Алия Толендиноваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Б. Кумаров
      Қаратал аудандық маслихатының
      хатшысы Б. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады