"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының "Кербұлақ ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 02-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3795 тіркелген, 2016 жылдың 16 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ракимбекова Гулмира Абдигалиевнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ аудандық мәслихатының | |
сессия төрайымы | Ж. Садыкова |
Кербұлақ аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Б. Рысбеков |