Белбұлақ ауылдық округінің Белбұлақ ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 05-ш/НҚ шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 30 сәуірде № 5517 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Белбұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 26 наурызындағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Белбұлақ ауылдық округінің Белбұлақ ауылындағы "Сосновая" көшесі "Орал" көшесіне, "Вишневая" көшесі "Астана" көшесіне, "Заводская" көшесі "Байқоңыр" көшесіне, "Полевая" көшесі "Іле Алатауы" көшесіне, "Речная" көшесі "Алматы" көшесіне, "Садовая" көшесі "Түркістан" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Белбұлақ ауылдық округі әкім орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Г.Амирхановаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданы Белбұлақ
      ауылдық округінің әкімі А. Касымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады