Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылындағы жаңа көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 7 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 4 қыркүйекте № 5636 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 08 қазандағы қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылындағы жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Тұздыбастау ауылының солтүстігінде орналасқан бесінші көшеге "Ойыл", алтыншы көшеге "Ыбырай Алтынсарин", жетінші көшеге "Іле", сегізінші көшеге "Қойкелді батыр", тоғызыншы көшеге "Сабыр Рахимов", оныншы көшеге "Алаш", он бірінші көшеге "Көктем";

      2) Тұздыбастау ауылының солтүстік-шығысында орналасқан отызыншы көшеге "Көкпар", отыз бірінші көшеге "Құлагер", отыз екінші көшеге "Арай", отыз үшінші көшеге "Алдияр", отыз төртінші көшеге "Жас дәурен", отыз бесінші көшеге "Жайық", отыз алтыншы көшеге "Береке", отыз жетінші көшеге "Абзал", отыз сегізінші көшеге "Сығанақ", отыз тоғызыншы көшеге "Қыз Жібек", қырқыншы көшеге "Сарыайшық", қырық бірінші көшеге "Жастар", қырық екінші көшеге "Атамұра", қырық үшінші көшеге "Тұмар", қырық төртінші көшеге "Қапшағай", қырық бесінші көшеге "Аңырақай", қырық алтыншы көшеге "Қырмызы", қырық жетінші көшеге "Дәстүр", қырық сегізінші көшеге "Қайнар", қырық тоғызыншы көшеге "Семей";

      3) Тұздыбастау ауылының солтүстік-батысында орналасқан он бірінші көшеге "Тайқазан", он екінші көшеге "Сарыөзек", он үшінші көшеге "Самұрық", он төртінші көшеге "Орбұлақ", он бесінші көшеге "Әсем", он алтыншы көшеге "Әдемі", он жетінші көшеге "Қобыланды батыр", он сегізінші көшеге "Исатай батыр", он тоғызыншы көшеге "Махамбет Өтемісұлы", жиырмасыншы көшеге "Отырар", жиырма бірінші көшеге "Мерей", жиырма екінші көшеге "Шамшырақ", жиырма үшінші көшеге "Тарбағатай", жиырма төртінші көшеге "Қарқаралы", жиырма бесінші көшеге "Азаттық";

      4) Тұздыбастау ауылының оңтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Алтай", екінші көшеге "Шалқар", үшінші көшеге "Шапағат";

      5) Тұздыбастау ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан жиырма екінші көшеге "Байқоңыр", жиырма үшінші көшеге "Ақсай", жиырма төртінші көшеге "Дарабоз", жиырма бесінші көшеге "Жас қыран", жиырма алтыншы көшеге "Аманат", жиырма жетінші көшеге "Ақмола".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің орынбасары Н. Умурзаковқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданы Тұздыбастау
      ауылдық округінің әкімі М. Баймолданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады