"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр аудандық мәслихатының "Ұйғыр ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 6-2-10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3802 тіркелген, 2016 жылдың 18 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұйғыр аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Е. Ахметов |
Ұйғыр аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Н. Есжан |