Тасқарасу ауылдық округінің Тасқарасу ауылындағы жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 05-13 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 18 мамырда № 5526 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тасқарасу ауылдық округінің Тасқарасу ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқарасу ауылдық округінің Тасқарасу ауылының жаңа көшесіне "Ақкент" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасқарасу ауылдық оругінің әкімі К. БАГБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады