Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/536-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 наурызда № 90 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 29.08.2024 № 20/172-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 29.08.2024 № 20/172-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасы бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді - Шымкент қаласы мәслихатының 29.08.2024 № 20/172-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Н. Жанабаев
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 62/536-6с шешімімен бекітілген

Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидалары

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ветеринарлық", "ветеринарлық-санитарлық" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық", "ветеринариялық-санитариялық" деген сөздермен ауыстырылды - Шымкент қаласы мәслихатының 29.09.2022 № 21/193-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1 тармағының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының аумағында жануарларды ұстау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 29.08.2024 № 20/172-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қағида меншік нысанына қарамастан, жануарларды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Қағида Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрі;

      2) ветеринариялық анықтама – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық құжат;

      3) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;

      4) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

      5) дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

      5-1) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;

      5-2) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

      6) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;

      7) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

      9) жануарларды ұстау – жануарлар иелерінің өмірді сақтау үшін, жануарлардың денсаулығын, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайларды сақтай отырып, толыққанды тұқым алуға, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;

      10) мамандандырылған ұйым – жануарларды тіркеуді және егу жұмыстарын жүзеге асыратын Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринариялық қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      11) тіркеу органы – жергілікті атқарушы орган құрған мамандандырылған ұйым;

      12) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шымкент қаласы мәслихатының 29.09.2022 № 21/193-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.08.2024 № 20/172-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2-тарау. Жануарларды ұстау тәртібі

      4. Есепке алынуға тиіс, үй жануарлары тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығымен және өзге де заттық құқықтармен тиесілі, оның ішінде жануарларға арналған панажайлардағы, жануарларды уақытша ұстау пункттеріндегі, жануарларға арналған оңалту орталықтарындағы, зоологиялық питомниктердегі үй жануарлары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28148 болып тіркелген) бекітілген Үй жануарларын есепке алу қағидаларына және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесіне сәйкес міндетті есепке алынуға, жануар иесі ауысқан жағдайда үй жануарларын есепке алу қағидаларында көзделген деректер базасында міндетті қайта есепке алынуға жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 29.09.2022 № 21/193-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Ауыл шаруашылық жануарының иесі өзінің жануарын "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) сәйкес сырғалау, чиптеу, таңбалау, жануарларға арналған ветеринариялық паспорт беру арқылы тіркеуші органдарда тіркейді.

      6. Жануарларды бірдейлендіру – сырғалау, таңбалау, чиптеу және ветеринариялық паспорт беру жолымен жүргізіледі.

      Көрсетілген атрибуттардың сақталуына жануар иесі жауапты болады.

      7. Ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалардың талаптарын сақтай отырып ұсталады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 29.09.2022 № 21/193-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлардың меншік иелері күн сайын механикалық тазартуды, жылына екі рет профилактикалық дезинфекцияны жүргізу қажет.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 29.09.2022 № 21/193-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Иесі өз жануарын ауладан тыс жерлерде қараусыз қалдырмауы керек.

      10. Жануардың иесі аулалар мен қоршаған аумақтарды қимен ластатпауға тиіс. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) бекітілген Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес көң жойылады немесе зарарсыздандыру арқылы кәдеге жаратылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 29.09.2022 № 21/193-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Алып тасталды - Шымкент қаласы мәслихатының 29.09.2022 № 21/193-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Жылдың жылы мезгілдерінде (наурыз айынан бастап қарашаға дейін) ауыл шаруашылығы жануарлары тұратын орындарда жәндіктерге, кеміргіштерге (тышқан, егеуқұйрық) қарсы күрес мақсатында ай сайын зарарсыздандыру, дезинсекциялық және дератизациялық препараттармен тазалауы "Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10028 болып тіркелген) сәйкес жүргізілуі керек.

      13. Жануардың иесі тіркеуші органға жануарының әкетілуін (сатылу, жоғалу, көшу, басқа бір адамға тапсырылу) бірыңғай бірдейлендіру базасына тіркеу үшін немесе тіркеуден шығару үшін "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) сәйкес хабарлайды.

      14. Жеке тұрғын үйдің иесіне онда бір жанұядан артық отбасы тұрған жағдайда жанұяның, сондай-ақ көршілес тұрғын үйдің тұрғындарының келісімімен "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 болып тіркелген) сәйкес ветеринариялық-санитариялық нормаларын сақтай отырып, арнайы жабдықталған тұрақта ауыл шаруашылық жануарларын асырауға рұқсат етіледі.

      15. "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) сәйкес белгіленген үлгідегі ветеринариялық анықтаманы ресімдеу кезінде ғана ауыл шаруашылығы жануарларын сатуға, әкелуге және әкетуге рұқсат етіледі.

      16. Қала аумағындағы тұрғын үй қорының пәтерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға жол берілмейді.

      17. Жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Жануар клиникалық сау болған жағдайда иесіне қайтарылады.

      18. Жануарларды ұстаудың шарты болып аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау, паразитарлық ауруларға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу, тұрғылықты мекен-жайға қарасты ветеринариялық емханаларда диагностикалық зерттеуден өткізу болып табылады.

      19. Жануар иесі жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымға (Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының "Ветеринариялық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органына (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы):

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы;

      жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 29.08.2024 № 20/172-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об утверждении Правил содержания животных на территории города Шымкент

Решение маслихата города Шымкент от 11 марта 2020 года № 62/536-6с. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Шымкент 18 марта 2020 года № 90

      Сноска. Заголовок решения в редакции на государственном языке, текст на русском языке не меняется, решением маслихата города Шымкент от 29.08.2024 № 20/172-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения маслихата города Шымкент от 29.08.2024 № 20/172-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания животных на территории города Шымкент.

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории города Шымкент;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Шымкент после его официального опубликования.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением маслихата города Шымкент от 29.08.2024 № 20/172-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата города Шымкент Н. Жанабаев
      Секретарь маслихата
      города Шымкент Г. Ташкараев

  Утвержден решением
маслихата города Шымкент от
11 марта 2020 года № 62/536-6с

Правила содержания животных на территории города Шымкент

      Сноска. В Правила внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется решением маслихата города Шымкент от 29.09.2022 № 21/193-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания животных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 27) пункта 1-1 статьи 10 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" (далее – Закон) и определяют порядок содержания животных на территории города Шымкент.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата города Шымкент от 29.08.2024 № 20/172-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Правила применяется на всех физических и юридических лиц, независимо от формы собственности, содержащих животных.

      3. В Правилах используются следующие понятия:

      1) сельскохозяйственные животные – культивируемые человеком все виды животных, птиц, рыб и пчел, имеющих непосредственное отношение к сельскохозяйственному производству;

      2) ветеринарная справка – ветеринарный документ, выдаваемый специалистом в области ветеринарии государственных ветеринарных организаций, созданных местными исполнительными органами, на животное, продукцию и сырье животного происхождения, об эпизоотической ситуации на территории соответствующей административно-территориальной единицы, а также ветеринарным врачом подразделения производственного контроля по определению соответствия животных, продукции и сырья животного происхождения ветеринарным нормативам в порядке, утвержденном уполномоченным органом;

      3) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, выдаваемый в виде электронного документа, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст (дата рождения), индивидуальный номер животного;

      4) ветеринарные мероприятия - комплекс противоэпизоотических, ветеринарно-санитарных процедур, направленных на предотвращение возникновения, распространения или ликвидацию болезней животных, включая их профилактику, лечение или диагностику; обезвреживание (обеззараживание), изъятие и уничтожение животных, зараженных особо опасными болезнями, представляющими опасность для здоровья животных и человека; повышение продуктивности животных; обеспечение безопасности продукции и сырья животного происхождения, кормов и кормовых добавок, включая идентификацию сельскохозяйственных животных, в целях защиты здоровья животных и человека от заразных болезней, в том числе общих для животных и человека;

      5) дезинсекция – комплекс мероприятий по уничтожению насекомых и других членистоногих;

      5-1) дезинфекция – комплекс мер по уничтожению возбудителей заразных и незаразных заболеваний;

      5-2) дератизация – комплекс мероприятий по истреблению грызунов;

      6) животные – биологические объекты, принадлежащие к фауне: сельскохозяйственные, домашние и дикие животные;

      7) владелец животного – физическое или юридическое лицо, которому животное принадлежит на праве собственности или ином вещном праве;

      8) идентификация сельскохозяйственных животных – процедура учета животных, включающая присвоение индивидуального номера животным путем использования изделий (средств) для проведения идентификации, таврения с включением сведений о сельскохозяйственном животном в базу данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачей ветеринарного паспорта;

      9) содержание животных – действия, совершаемые владельцами животных для сохранения жизни, физического здоровья животных, получения полноценного потомства при соблюдении ветеринарно-санитарных норм, а также для обеспечения общественного порядка и безопасности граждан и представителей животного мира;

      10) специализированная организация – Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Ветеринарная служба" города Шымкент, осуществляющее регистрацию животных, в том числе проведение их вакцинации;

      11) орган регистрации – специализированная организация, созданная местным исполнительным органом;

      12) домашние животные (животные-компаньоны) (далее - домашние животные) – животные вне зависимости от вида, которые традиционно содержатся и разводятся человеком для удовлетворения эстетических потребностей и потребностей в общении.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными решениями маслихата города Шымкент от 29.09.2022 № 21/193-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 29.08.2024 № 20/172-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок содержания животных

      4. Домашние животные, включенные в перечень домашних животных, подлежащих учету, принадлежащие физическим и юридическим лицам на праве собственности и иных вещных правах, в том числе находящиеся в приютах для животных, пунктах временного содержания животных, реабилитационных центрах для животных, зоологических питомниках, подлежат обязательному учету, в случае смены владельца животного обязательному переучету в базе данных в соответствии с Правилами учета домашних животных и перечня домашних животных, подлежащих учету, утвержденных приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 169 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28148).

      Сноска. Пункт 4 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 29.09.2022 № 21/193-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Владелец сельскохозяйственного животного регистрирует свое животное в органах регистрации путем биркование, таврирование, чипирование и выдачи ветеринарных паспортов согласно Правилам идентификации сельскохозяйственных животных, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11127) "Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных".

      6. Идентификация животных проводится путем биркования, таврения чипирования и выдачи ветеринарных паспортов.

      Ответственность за сохранность указанных атрибутов несет владелец животного.

      7. Сельскохозяйственные животные содержатся с соблюдением требований Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к санитарно-защитным зонам объектов, являющихся объектами воздействия на среду обитания и здоровье человека", утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2022 года № ҚР ДСМ-2 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26447).

      Сноска. Пункт 7 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 29.09.2022 № 21/193-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Владельцам помещений для содержания животных, необходимо ежедневно проводить механическую очистку и два раза в год профилактическую дезинфекцию.

      Сноска. Пункт 8 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 29.09.2022 № 21/193-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Владелец не оставляет без надзора вне дворовых местах свое животное.

      10. Владелец животного не допускает загрязнение дворов и окружающей территории навозом. Навоз уничтожается или утилизируется согласно Правилам утилизации, уничтожения биологических отходов, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 16-07/307 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11003).

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 29.09.2022 № 21/193-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. Исключен решением маслихата города Шымкент от 29.09.2022 № 21/193-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. В целях борьбы с насекомыми, а также грызунами (мыши, крысы) в теплое время года (в период с марта по ноябрь) необходимо ежемесячно обрабатывать места содержания животных дезинфекционными, дезинсекционными и дератизационными согласно Правила проведения дезинфекции, дезинсекции, дератизации утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 7-1/619 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10028) "Об утверждении Правил проведения дезинфекции, дезинсекции, дератизации".

      13. Владелец животного информирует органы регистрации об увозе животного (продаже, пропаже, переезде, вручение другому человеку) для регистрации или снятия с регистрации животного в Базу идентификации сельскохозяйственных животных согласно Правила идентификации сельскохозяйственных животных, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11127) "Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных".

      14. Владельцу индивидуального жилого дома, в случае проживания в нем более одной семьи, разрешается содержание в специально оборудованных закрытых помещениях сельскохозяйственных животных с согласия семей, а также проживающих в этом жилом доме по соседству при соблюдении установленных норм согласно Правила обращения с животными, приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 16-02/701 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10183) "Об утверждении Правил обращения с животными".

      15. Продажа, ввоз и вывоз сельскохозяйственных животных разрешается только при оформлении ветеринарной справки установленного образца согласно Правила выдачи ветеринарных документов и требований к их бланкам, соответствии приказом "Министра сельского хозяйства Республики Казахстан" от 21 мая 2015 года № 7-1/453 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11898) "Об утверждении Правил выдачи ветеринарных документов и требований к их бланкам".

      16. Не допускается содержание сельскохозяйственных животных в квартирах жилого дома города.

      17. Изъятие и уничтожение животных, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, осуществляется в соответствии Законом.

      В случае если животное признано клинически здоровым, оно возвращается владельцу.

      18. Условием содержания животных является вакцинация против особо опасных инфекционных болезней, обработка против паразитарных заболеваний, диагностические исследования в ветеринарных лечебницах по месту жительства.

      19. Владелец животного обязан извещать государственную ветеринарнную организацию, созданную местным исполнительным органом (Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Ветеринарная служба" управления сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкент), орган государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора (Территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республика Казахстан по городу Шымкент):

      о вновь приобретенном (приобретенных) животном (животных), полученном приплоде, его (их) убое и реализации;

      о случаях падежа, одновременного заболевания нескольких животных или об их необычном поведении и до прибытия специалистов в области ветеринарии, государственных ветеринарно-санитарных инспекторов принять меры к изолированному содержанию животных при подозрении в заболевании.

      Сноска. Пункт 19 в редакции решения маслихата города Шымкент от 29.08.2024 № 20/172-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).