Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы" 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/536-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидаларында:
мемлекеттік тілдегі бүкiл мәтін бойынша "ветеринарлық", "ветеринарлық-санитарлық" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық", "ветеринариялық-санитариялық" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
3), 4), 5), 6) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"3) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
4) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
5) дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
6) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;";
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
5-2) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Есепке алынуға тиіс, үй жануарлары тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығымен және өзге де заттық құқықтармен тиесілі, оның ішінде жануарларға арналған панажайлардағы, жануарларды уақытша ұстау пункттеріндегі, жануарларға арналған оңалту орталықтарындағы, зоологиялық питомниктердегі үй жануарлары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28148 болып тіркелген) бекітілген Үй жануарларын есепке алу қағидаларына және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесіне сәйкес міндетті есепке алынуға, жануар иесі ауысқан жағдайда үй жануарларын есепке алу қағидаларында көзделген деректер базасында міндетті қайта есепке алынуға жатады.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалардың талаптарын сақтай отырып ұсталады.";
8, 10-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлардың меншік иелері күн сайын механикалық тазартуды, жылына екі рет профилактикалық дезинфекцияны жүргізу қажет.
10. Жануардың иесі аулалар мен қоршаған аумақтарды қимен ластатпауға тиіс. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) бекітілген Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес көң жойылады немесе зарарсыздандыру арқылы кәдеге жаратылады.";
11-тармақ алып тасталсын;
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"19. Қандай жағдай болмасын ауру байқалған сәтте жануар иелері ветеринария саласындағы маманға хабарласып, зерттеу нәтижелері бойынша маманның нұсқауын мүлтіксіз сақтауы қажет.";
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Б. Нарымбетов |