"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63/554-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 96 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 15.12.2020 № 72/675-6с шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешіміне (бұдан әрі – шешім) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру тізбесінде:

      "1. Қосымша дәрілік заттар" деген бөлімінде:

      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 34-жолмен толықтырылсын:

"

34

Рилузол, таблетка 50 мг

Амиотрофиялық бүйірлік беріш

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

";

      "2. Қосымша бейімделген емдік өнімдер" бөлімінде:

      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 4-жолмен толықтырылсын:

"

4

Глютенсіз нан пісіруге арналған арнайы ұн қоспасы

Целиакия

Диспансерлік есепте 18 жасқа дейінгі балалар

".

      2. "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Р. Бектурганов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады