"Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 333 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 454 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 тамызда № 116 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 333 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 желтоқсанда "Шымкент келбеті" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады