"Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы және Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 196 (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 92 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 3 сәуірде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) 2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жазылсын;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 1-1 қосымшасымен толықтырылсын.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "21" қыркүйегі № 583 қаулысына 1-қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "1" сәуірдегі № 196 қаулысына 1 қосымша |
2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия соммасы, теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 1 150 | 11 500 000 |
1.2. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 153 | 22 950 000 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | ||||
1.1. | Отандық | сатып алынған бас | 200 000 | 100 | 20 000 000 |
1.2. | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | сатып алынған бас | 400 000 | 70 | 28 000 000 |
1.3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 5 000 | 5 000 | 25 000 000 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 257 340 | 15 440 400 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1. | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылысу маусымы | 4 000 | 1 500 | 6 000 000 |
1.2. | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 4 000 | 10 000 000 | |
1.3. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | 1 500 | 10 000 | 15 000 000 | |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 40 000 | 538 | 21 520 000 |
Барлығы | 175 410 400 | ||||
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 50 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 400 000 | 80 000 000 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1. | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 2 000 000 | 40 000 000 |
1.2. | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 1 500 000 | 30 000 000 | |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1. | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 1,1 | 110 000 000 | 121 000 000 |
1.2. | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 1 | 37 000 000 | 37 000 000 | |
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1. | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 2 000 000 | 100 000 000 |
Барлығы | 408 000 000 |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "21" қыркүйегі № 583 қаулысына 2-қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "1" сәуірдегі № 196 қаулысына 1-1 қосымша |
"Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері"
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия соммасы, теңге |
1. | Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | ||||
1.1. | Ірі қара малдың аналық басы | бас | 30 000 | 2 500 | 75 000 000 |
1.2. | Ұсақ малдың аналық басы | 5 000 | 5 000 | 25 000 000 | |
1.3. | Жылқының аналық басы | 20 000 | 300 | 6 000 000 | |
Барлығы | 106 000 000 |