Шымкент қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 592 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қазанда № 134 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 1464 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды – Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 05.08.2022 № 1464 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына, Ішкі сауда қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылы 12 қаңтарында электрондық түрде жарияланған) бұйрығының 102-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы тізілімінде № 4547 нөмірімен тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 28 сәуірінде электрондық түрде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 592 қаулысына қосымша

Шымкент қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Аудан атауы

Орналасқан орны

1.

Абай ауданы

Алматы айналмалы тас жолы және С.Сағынбаев көшесінің қиылысы

2.

Абай ауданы

Д.Құрманбеков көшесі, № 2 орталық аурухананың жаны

3.

Абай ауданы

Көкбұлақ тұрғын алабы, Есіркепұлы Қырықбай ата мешітінің жаны

4.

Абай ауданы

Игілік тұрғын алабы, № 128 жалпы орта мектептің алды

5.

Абай ауданы

Жаңа талап тұрғын алабы, Шардара көшесі "Достық" аялдамасының жаны

6.

Абай ауданы

Қазығұрт шағын ауданы, Ақтас елді мекені, № 1079 учаскенің алды

7.

Абай ауданы

Алматы айналмалы тас жолы және Қ.Төлеметов көшелерінің қиылысы

8.

Абай ауданы

Алматы айналмалы тас жолы және Әл-Фараби көшелерінің қиылысы

9.

Абай ауданы

Алматы айналмалы тас жолы және Барақ хан көшелерінің қиылысы

10.

Абай ауданы

Құрсай шағын ауданы, Алматы айналмалы тас жолы және Школьная көшелерінің қиылысы

11.

Абай ауданы

Қазығұрт шағын ауданы, Алматы айналмалы тас жолы және Мақталы көшелерінің қиылысы

12.

Абай ауданы

Ұ.Арғынбеков және Т.Өтегенов көшелерінің қиылысы

13.

Абай ауданы

Тұрлан шағын ауданы, Түркістан көшесі, "Отан Мұнай" жанар-жағармай бекетінің жаны

14.

Абай ауданы

Жиделібайсын және Шардара көшелерінің қиылысы

15.

Абай ауданы

Алматы айналмалы тас жолы, "Барыс" базарының жаны

16.

Абай ауданы

Ұ.Арғынбеков және К.Қазиев көшелерінің қиылысы

17.

Абай ауданы

Ұ.Арғынбеков және Айтас көшелерінің қиылысы

18.

Абай ауданы

Т.Өтегенов және А.Шакиров көшелерінің қиылысы

19.

Әл-Фараби ауданы

Сәуле шағын ауданы, Ынтымақ көшесі, № 45/7 үйдің жаны

20.

Әл-Фараби ауданы

Сәуле шағын ауданы, Жаңабазар көшесі, № 1 үйдің жаны

21.

Әл-Фараби ауданы

Ақжайық шағын ауданы, Сырым батыр көшесі, № 10 үйдің жаны

22.

Әл-Фараби ауданы

Забадам шағын ауданы, Б.Саттарханов көшесі, "Чимкентская подстанция" аялдамасының жаны

23.

Еңбекші ауданы

Елтай тұрғын алабы, "Алтай" жанар-жағармай бекетінің жаны

24.

Еңбекші ауданы

Тоғыс тұрғын алабы, "Бейбарс" жанар-жағармай бекетінің жаны

25.

Еңбекші ауданы

Қапал батыр көшесі, "Петро Казахстан ойл продакшн" айналма жолының жаны

26.

Еңбекші ауданы

Базар қақпа тұрғын алабы, Абдуллабад көшесі нөмірсіз, "Рау" жылыжайының жаны

27.

Еңбекші ауданы

Базарқақпа тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесі, № 39 үйдің жаны

28.

Еңбекші ауданы

Бадам-1 тұрғын алабы, Леңгір тас жолы, № 23 және № 36 үйлерінің алды

29.

Еңбекші ауданы

Бадам-1 тұрғын алабы, Леңгір тас жолы, "КазРосНефть" жанар-жағармай бекетінің қарсы беті

30.

Еңбекші ауданы

Леңгір тас жолы, бұрынғы "Мал базарының" маңы

31.

Еңбекші ауданы

№ 1 Автожол көшесі, "Шифер завод" аялдамасының жаны

32.

Еңбекші ауданы

№ 1 Автожол көшесі, "Green Bus" автобекетінің жаны

33.

Еңбекші ауданы

Леңгір тас жолы, "Ұлы Орда" жанар-жағармай бекетінің маңы

34.

Еңбекші ауданы

Жібек жолы және К.Тленшин көшелерінің қиылысы

35.

Еңбекші ауданы

Жібек жолы көшесі, "Тура жол" мешіт аялдамасының жаны

36.

Қаратау ауданы

Бозарық саяжайы, № 71 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы

37.

Қаратау ауданы

Достық шағын ауданы, Алғыс және Жігер көшелерінің қиылысы

38.

Қаратау ауданы

Қайнар бұлақ саяжайы, Степная және Центральная көшелерінің қиылысы

39.

Қаратау ауданы

Таскен тұрғын алабы, Бабашұлы көшесі, Оразбай атындағы № 115 жалпы орта мектептің жаны

40.

Қаратау ауданы

Мирас тұрғын алабы, Кеме қалған және Қарабұра әулие көшелерінің қиылысы

41.

Қаратау ауданы

Асар шағын ауданы, № 1 қалалық балалар аурухана жаны

42.

Қаратау ауданы

Бердібек Бабашұлы көшесі, № 146 үйдің жаны

43.

Қаратау ауданы

Азат тұрғын алабы, Ақжол көшесі № 21 және № 102 үйлерінің қарсы беті

44.

Қаратау ауданы

Азат тұрғын алабы, Ақбастау көшесі № 5 және № 67 үйлерінің жаны

45.

Қаратау ауданы

С.Рахимов көшесі, № 2 үйдің қарсы беті

46.

Қаратау ауданы

Бозарық саяжайы, Шаян және Дархан көшелерінің қиылысы

47.

Қаратау ауданы

Алатау көшесі, темір жол өткелінің жаны

48.

Қаратау ауданы

Алатау көшесі, "ШНОС" жанар-жағармай бекетінің жаны

49.

Қаратау ауданы

Тассай тұрғын алқабы, Ш.Уалиханов көшесі, № 2 ғимараттың жаны

50.

Қаратау ауданы

Алматы айналма тас жолы және Шаян көшесінің қиылысы

51.

Қаратау ауданы

Асар-2 шағын ауданы, № 2 көше аялдамасының жаны

52.

Қаратау ауданы

Ақжайық шағын ауданы, "Ақжайық" аялдамасының жаны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады