Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 25.11.2022 № 22/211-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрайымы | Т. Султанова |
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/634-6с шешіміне қосымша |
|
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешіміне қосымша |
Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағида Шымкент қаласындағы иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібін реттейді.
2. Қағида барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік нысанына қарамастан (адамдарды құтқару жөніндегі, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты атқаратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кәсіпорындарынан, ұйымдарынан және мекемелерінен басқа) заңды және жеке тұлғаларға, иттері мен мысықтарын серуендетуге шығаратын барлық адамдарға (бұдан әрі – иелері) қолданылады.
3. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ветеринарлық емхана – ветеринарлық емдеу-сауықтыру қызметімен және ауру жануарларға ветеринарлық көмек көрсетумен айналысатын ұйым;
2) ветеринарлық паспорт – жануарларды есепке алу, өсімін және эпизоотиялық жағдайды бақылау мақсатында: жануардың иесі, түрі, жынысы, тұқымы, жануардың чипінің нөмірі не таңбасының нөмірі (егер мұндайлар бар болса), жануардың түсі мен туған күні, сондай-ақ жануарға жасалған екпелер көрсетілетін халықаралық үлгідегі құжат;
3) иттерге арналған жаттықтыру алаңы – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс стандарттарына сәйкес жобаланған, иттерді жаттықтыру үшін арнайы бөлінген қоршалған аумақ;
4) иттерді серуендетуге арналған алаң – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс стандарттарына сәйкес жобаланған, иттерді еркін серуендету үшін арнайы бөлінген оқшауланған көгалдандырылған аумақ;
5) қараусыз қалған жануарлар – иесін анықтау мүмкін емес иттер мен мысықтар; иесінен қашып кеткен және иесінің немесе жауапты тұлғаның тарапынан қараусыз қалған жануарлар;
6) тіркеуші орган –ұйым, ветеринарлық емханалар;
7) ұйым жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізуді жүзеге асыратын және қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын жергiлiктi атқарушы орган құрған ұйым;
8) ұзындығы бақыланатын мойын жіп – иесіне кез келген уақытта жануарды бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін регламенттелмеген ұзындықтағы мойын жіп (брезент мойын жіп, орама-мойын жіп, синтетикалық мойын жіп).
2-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі
4. Шымкент қаласының аумағында тұратын барлық иттер мен мысықтардың (бұдан әрі – жануарлар) бірыңғай бірдейлендіру базасына тіркеу жатады.
5. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда (бұдан әрі – Ұйымдар) тіркеу жүргізіледі.
6. Тіркеуші ұйым тіркелген үй жануарлары мен олардың иелері туралы ақпаратты иттер мен мысықтардың бірыңғай бірдейлендіру базасына енгізеді.
7. Жануарларды тіркеу кезінде иесіне ветеринарлық паспорт беріледі, егер тіркеу кезінде жануардың ветеринарлық паспорты болса, жаңа ветеринарлық паспортты беру рәсімі міндетті болып табылмайды.
8. Тіркеу кезінде жануар иесінің төлемі есебінен тіркеуші органмен жануарға сәйкестендіру микрочипі енгізіледі немесе егер жануарда белгі немесе чип болмаса, таңба ретінде денеге нөмір (белгі) басылады. Чип енгізу және/немесе белгі салу рәсімдері ұсынымдық сипатқа ие.
9. Жануарларды тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде иелері мынадай:
1) иесінің жеке басын куәландыратын құжатта қамтылған ақпарат;
2) иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) иесінің нақты тұрғылықты мекен-жайы;
4) иесінің байланыс нөмірі;
5) жануардың лақап аты, жынысы, туылған күні, түсі, тұқымы;
6) қажет болғанда, егер мұндай бар болса, жануардың шығу тегінің нөмірі туралы деректерді ұсынады.
10. Жануарлардың иесі тіркеуші ұйымға Шымкент қаласының жануарларды бірыңғай бірдейлендіру базасынан тіркеуден шығару үшін немесе қайта тіркеу үшін жануардың әкетілуі (сатылу, жоғалу, көшу, басқа бір адамға тапсырылу) туралы хабарлайды.
11. Үй жануарын жансыздандыру (эвтаназия) кезінде немесе өліп қалған жағдайда ветеринарлық паспорт бұрын жануар тіркелген ұйымға тапсыруға жатады.
12. Жануарларды сатып алуға немесе сатуға, оларды басқа адамға беруге, сондай-ақ қала ішінде көліктің барлық түрлерімен тасымалдауға үй жануарының ветеринарлық паспорты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Жануар вакцинациялауға жол берілетін жасқа жеткен жағдайда (иттер мен мысықтар үшін – 3 (үш) ай), жануарларды сатып алуға немесе сатуға, оларды басқа адамға беруге, сондай-ақ қала ішінде көліктің барлық түрлерімен тасымалдауға паспортта құтыруға қарсы вакцинацияланған күнінің белгісі болған кезде ғана рұқсат етіледі.
13. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі жануарларға 3 (үш) айлық жасынан бастап, тұқымына қарамастан, құтыруға қарсы және жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауға жатады.
14. Жасына сәйкес құтыруға қарсы және жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялаудан өтпеген 3 (үш) айлық жастан үлкен жануарларды ұстауға рұқсат етілмейді.
15. Жануарларға кем дегенде тоқсанына бір рет тері паразиттері мен гельминттерге қарсы профилактикалық өңдеу жүргізу ұсынылған.
16. Жануарларды қаладан шығарғанда немесе қалаға басқа өңірлерден әкелген жағдайда жануарлар иелері өзімен бірге жануардың ветеринарлық паспорты, вакцинацияланған күндері көрсетілген жануардың денсаулық жағдайы туралы анықтаманы келесі талаптарды сақтай отырып ұстауы қажет:
1) қалаға әкелінетін жануар жасына сәйкес әкелген кезге дейін кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын вакцинацияланады;
2) қаладан шығарылатын жануар жасына сәйкес шығарылған кезге дейін кем дегенде 12 (он екі) ай бұрын вакцинацияланады;
3) егер вакцинация жұмысын жүргізудің ең төменгі жасына (иттер мен мысықтар үшін – 3 (үш) айлық мерзім) жетпеген жануарлар әкелінсе немесе шығарылса, паспорта вакцинация туралы белгі қоймай жануарды қаладан шығаруға немесе басқа қаладан әкелуге жол беріледі.
17. Жануарлардың иесі ретінде 18 жасқа толған тұлға болуы мүмкін.
18. Ортақ тұратын (жатақханаларда) және/немесе пайдаланатын жерлерде санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданың мынадай шарттары бұзылған жағдайда жануарларды ұстауға тыйым салынады:
1) жануарларды бірнеше отбасыдан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі тұрғын алаңында ұстауға рұқсат етіледі (жатақханадағы көршілердің жазбаша келісімімен);
2) итті кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтардың саябақ шаруашылықтары мен коммерциялық емес саяжайлар бірлестіктері аумағында, демалыс орындарында байлаулы түрде (бұл ретте ит тамақ пен суға еркін қол жеткізе алуы, байлау жануардың табиғи қажеттіліктеріне кедергі келтірмеуі керек) немесе жабық темір торда (вольерде) ұстауға болады.
19. Рұқсат етілмейді:
1) көп пәтерлі тұрғын үйлерде жануарларға арналған паналау және ұстау орындарын ұйымдастыруға жол берілмейді;
2) жануарларды көпшілік пайдаланатын орындарда (баспалдақ алаңдарында, жертөлелерде, шатырларда, шектес қылтималарда немесе лоджияларда және көпшілік пайдаланатын қосалқы үй-жайларда) ұстауға;
3) жануарларды үй ауласының маңында ұстауға (жеке тұрғын үйлердің аумағынан басқа);
4) жануарларды жатақханалардың ас үйлері мен дәліздерінде ұстауға.
20. Қонақ үйлерде, қонақ үй әкімшілігінің келісімі бойынша және ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтаған жағдайда иелері жануарлармен бірге тұрақтауға рұқсат етіледі.
21. Иттер қашып кетуіне, адамдарға немесе жануарларға шабуына және/немесе тістеуіне жол берілмейтін аумақта болуы керек.
22. Аумақта иттің бар екендігі жөнінде кіреберісте көлемі кемінде 20х30 сантиметр болатын, иттің суреті бар "Итпен күзетіледі! Охраняется собакой!" деген ескерту тақтайшасы қойылуы қажет.
23. Жануарлардың қатысуымен өткізілетін жарыстар, көрмелер және көпшілік іс-шаралар жергілікті атқарушы органның келісуімен өткізіледі.
24. Шымкент қаласының аумағында иттердің төбелесін ұйымдастыруға және өткізуге, жануарларға қарсы қатыгез әрекеттер жасауға мүмкіншілік беретін басқа да іс-шараларды өткізуге жол берілмейді (қызметтегі, күзетке арналған иттердің жұмыс қабілеттілігін тексеру мақсатында, иттердің жарақат алмауын ескеретін, дұрыс тұқымдық сұрыптауға арналған арнайы ережелер бойынша тексерулерден басқа).
3-тарау. Иттер мен мысықтарды серуенге шығару тәртібі
25. Жануарларды серуенге шығарған кезде иелері мына талаптарды сақтайды:
1) кез келген тұқымды иттерді серуендетуге, тұмылдырығы бар және ұзындығы бақыланатын мойын жіппен рұқсат етіледі;
2) тұмылдырықты итке дер кезінде кигізу және жағдайға қарай мойын жіптің қажетті ұзындығын реттеу үшін иттің иесі жауапты болады;
3) қала аумағында иттердің еркін серуендеуі үшін арнайы бөлінген жерлерде (иттерді еркін серуендетуге арналған алаңдарда не жаттықтыру алаңдарында) рұқсат етіледі;
4) қызметтік тапсырмаларды орындайтын иттерге қала аумағында еркін серуендеуге арналған алаңдардан немесе иттерге арналған жаттықтыру алаңдарынан тыс жерлерде еркін серуендеуге рұқсат берілген;
5) иттің иесі не оны серуенге шығаруды жүзеге асыратын тұлға жануарды айналасындағыларға тынышсыздық және кедергі келтірмей, өзімен бірге нәжістерді жинауға арналған ыдысын ала отырып, серуендетеді;
6) иттің иесі не оны серуенге шығаруды жүзеге асыратын тұлға, көшеден өткен кезде немесе магистральдарға жақын серуендеген кезде жол-көлік оқиғаларын және жол бойында иттің өлімін болдырмау үшін мойын жібін қысқартып ұстайды;
7) тыйым салған ескерту белгісі жоқ мекемелер мен азық-түлік сатпайтын дүкендерде, поштада иелері иттерін қысқа мойын жіпте және тұмылдырықта ертіп жүруге рұқсат етіледі. Объектілерге иттерді ертіп келуге тыйым салу белгілері бар жағдайда мекемелер, азық-түлік сатпайтын дүкендерде оларды байлап қалдыратын орындарын жабдықтайды;
8) кез келген тұқымдағы итті қысқа мойын жіппен және тұмылдырықпен, өздігінен шешіліп кетпейтіндей, иесі ғимараттың ішінде уақытша болған мерзімге, егер де ит басқа тұлғаларға қауіп төнгізбейтін, қоғамдық тәртіпті бұзбайтын, қозғалыстарға және өз денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда байлаулы қалдыруына болады.
26. Қала аумағында рұқсат етілмейді:
1) еркін серуендету алаңдары мен иттерге арналған жаттығу алаңдарынан басқа жерлерде иттерді еркін серуендетуге;
2) мас күйіндегі тұлғаларға итті ертіп жүруге және көпшілік жүретін орындарда серуендетуге, көлікте алып жүруіне;
3) иттің жасына сәйкес құтырма ауруына қарсы міндетті вакцинацияланбаған иттерді серуендетуге;
4) иттерді ауладағы балалар ойнайтын, емдеу мекемелерінде, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының аумақтарында, тыйым салынған ескерту белгісі орнатылған жерлерде серуендетуге;
5) адамдарға шомылуға рұқсат берілген аумақта иттерді серуендетуге;
6) адамдарға шомылуға рұқсат берілген аумақта, тоғандарда, бұрқақтар мен су айдындарында жануарларды суға шомылдыруға;
7) көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттен басқа иттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, азық-түлік дүкендерінің сауда жасау және өндірістік орындарына, сервистік қызмет көрсету мекемелері мен мәдениет мекемелеріне әкелуге, ұстауға рұқсат берілмейді.
27. Жануарлардың иелері мынадай талаптарды орындайды:
1) қоршаған ортаға қолайсыздық келтірмейтін және қауіпсіздік тудырмайтын жануарлардың тәртібін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
2) аулаларды, кіреберістерді, сатылық торларды, лифтілерді, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, саябақтарды, шағынгүл бақтарды, демалыс аумақтарын ластамау. Жануарлар серуендеу орындарында табиғи физиологиялық қажеттіліктерін (нәжіс) қанағаттандыру жағдайында, оның салдарын иесі жою керек. Иесіне ластанған жерді тазалауға өзімен бірге тазалағыш құралдарды (пакет) алып жүруі ұсынылады;
3) жануарларды зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес ұстауға;
4) жануарлардың физикалық және физиологиялық қажеттіліктеріне сай ұстауға, оларға ізгілікпен қарауға және қатал қатынас орнатпауға, қадағалаусыз қалдырмауға, жануарларға қажеттілігіне қарай тамақ беруге, су ішуге жағдай жасауға;
5) ұйымнан ветеринарлық-алдын алу іс-шараларын жүргізу туралы ақпараттар (бұқаралық ақпарат құралдарында, сайтта хабарландыруды орналастыру) келіп түскен уақытта иелері өз жануарларын, егер жануар міндетті вакцинациялаудан өтпеген болса, тексеру, диагностикалық зерттеу және емдеу-профилактикалық өңдеу үшін көрсетілген орынға әкеледі;
6) жануарлар ауырған немесе ауруларына қауіптенген жағдайда жедел түрде ұйымға немесе ветеринарлық емханаға хабарласуға және тексерістердің қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтіксіз сақтауға;
7) жануарларды одан әрі ұстауға мүмкіндік болмаған жағдайда иесі жануарды басқа тұлғаға, ұйымға немесе үй жануарларын аулаумен айналысатын кәсіпорынға тапсырады;
8) жануарлардың өліп қалған жағдайларында немесе құтырма ауруына ұқсас белгілері болған жағдайда жедел түрде ұйымға хабарлайды және осы жануарлар ұйым мамандарының келуіне дейін оқшауланады.