"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген қағидаларының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шымкент абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (бұдан әрі – Экологиялық кодекс), "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.";
3-тармағы 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;";
3-тармағы 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;";
3-тармағы 7) тармақшасының екінші абзацындағы "қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармағы 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;";
3-тармағы 13) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"13) санитариялық тазарту – елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру мақсатындағы іс-шаралар жүйесі;";
3-тармағы 15) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"15) өкілетті орган - Шымкент қаласының әкімдігінің қала аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты функцияларды орындауға өкілеттік берген мемлекеттік орган;";
3-тармағы 19) тармақшасында ":" тыныс белгісі "." тыныс белгісімен қазақ тілі мәтінінде ауыстырылсын;
4 және 7 – тармақтарының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
13 және 64 – тармақтарының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
"аумақтырға" сөзі "аумақтарға" сөзімен ауыстырылсын;
"ормадардың" және "ұймдармен" сөздері "орамдардың" және "ұйымдармен" сөздерімен ауыстырылсын;
"тратуарлар" сөзі "тротуарлар" сөзімен ауыстырылсын;
59-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
"59. Қала аумағынан жерүсті және жерасты суларын бұруға арналған арналарды, құбырларды және дренаждарды профилактикалық тексеру, тазалау, нөсерлі кәріз, жаңбыр қабылдағыш құдықтардың коллекторларын тазалау жұмыстары сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарымен айына бір реттен кем емес жүргізіледі.";
"ұйыммен" сөзі "ұйымдармен" сөзімен ауыстырылсын;
83-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
"83. Жеке тұрғын үйдің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелері күл жинау үшін контейнерлерді иеленуге құқылы.";
"атқаруш" сөзі "атқарушы" сөзімен ауыстырылсын.
2. "Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қантардағы № 60/521-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/630-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 130 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 1 қазанда электрондық түрде жарияланған) шешiмiнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрайымы | Г. Курманбекова |
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |