"Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №266 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 77 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 4560 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 264 бабы 1 тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №266 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4067 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 2019 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы "Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы" мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:

3.

Меркі

1

1

73

27

34,524

42

43

31,337

2

Меркі ауданы

2

73

27

41,937

42

43

27,895

3

73

27

39,574

42

43

24,968

4

73

27

32,223

42

43

28,573

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Календеровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи ресурстар

      министрлігі Геология комитетінің

      "Оңтүстiкқазжерқойнауы" Оңтүстiк Қазақстан

      өңiраралық геология

      департаментi басшысының

      міндетін атқарушы

      __________________ У. Бектибаев

      "____" ______________2020 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау

      комитетінің Жамбыл облысы бойынша

      Экология департаментінің басшысы

      __________________Б. Қалымбетов

      "____" ______________2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады