"Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 45-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 47-11 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 маусымда № 4631 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 45-3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2986 болып тіркелген, 2016 жылдың 11 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б. Карашолаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады