"2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 174 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 251 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қазанда № 4784 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 болып тіркелген, 2020 жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Жылқыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы қазаңдағы
№ 251 қаулысына қосымша
  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы "10" тамыздағы
№ 174 қаулысына 2 қосымша

2020-2021 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

      (жергілікті бюджет есебінен)

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Резидентура)

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы

Барлығы

Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

Ұлттық жоғары оқу орындарында

1

7R09 Денсаулық сақтау (медицина)

7R091 Денсаулық сақтау

R017 "Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы"

5

1200000

R018 Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (балалардың)

3

1200000

R024 Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер)

2

1200000

R031 "Неонатология"

5

1200000

R032 "Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы"

4

1200000

R037 Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы

3

1200000


Барлығы



22



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады