"Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №9-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 61-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қыркүйекте № 4715 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына, "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 165 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3184 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 қазанында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармағының 3) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты
      сессиясының төрайымы Э. Мырза-Ғали
      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады