Байзақ ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 393 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 қазанда № 4758 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11148 болып тіркелді) 102-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байзақ ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Байзақ ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы Исмаилға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Байзақ ауданы әкімі Н. Нуржигитов

  Байзақ ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 7 қазандағы
№ 393 қаулысына қосымша

Байзақ ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауылдық округ атауы

Ауыл атауы

Орналасу

Алатын алаңы (шаршы метр)

Бағыт схемасы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын маңдағы инфрақұрылымды есепке ала отырып қызмет саласы

1

Бәйтерек

Сарыкемер

Қеңесхан Орынқұлов көшесі №19 г "Фиркан" супермаркетінің алды

500 м2

"Фиркан" супермаркетінің алды

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері

2

Бурыл

Бурыл

Дінмұхамед Қонаев көшесі "Дана" дүкенінің алды

15 м2

Тараз қаласынан келе жатқан жолдың сол жақ бетінде

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері

3

Сарыкемер

Сарыкемер

Байзақ батыр көшесі №117

3200 м2

Базар алаңы

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады