"Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №38-3 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 69-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қыркүйекте № 4738 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 30.03.2021 № 3-3 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №165 қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №38-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4122 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерді электрондық түрдегі электронды бақылау банкінде 2019 жылдың 04 сәуірінде жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 8 тармағы 6) тармақшасымен толықтырылсын:

      "6) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясы бар кәмелетке толмаған балаларға Республикадағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төменгі күн көріс деңгейінің 2 (екі) еселік мөлшерінде, мерзімді (ай сайын, 12 ай бойында) әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап тиісті медициналық ұйымдардың анықтамасы негізінде тағайындалады.".

      12 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Н. Сматов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Р. Бегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады