Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 67-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 шілдеде № 4670 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік - экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы К. Бегалиев
      Жуалы аудандық
      мәслихат хатшысы Е. Тлеубеков

  қосымша

Жуалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2159 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Жаңа өмір" – "Новая жизнь" газетінде жарияланған).

      2. "Жуалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3291 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 34-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4011 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады