"Жуалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 63-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 71-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 4735 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жуалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 63-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4586 болып тіркелген, 2020 жылдың 4 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешім қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Р. Сайлаубаев
      Жуалы аудандық
      мәслихат хатшысы Е. Тлеубеков

  Жуалы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 71-3 шешіміне қосымша

Жуалы ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарының кіріспесі

      Жуалы ауданы ауылшаруашылығында негізделген, соңғы уақытта мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Еліміздің азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін орындауда мал шаруашылығын дамыту айрықша орын алатын болса, оның негізі-табиғи жайылымдардың тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.

      Жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану, жайылымның тозуын болдырмау, жақсарту шараларын жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндет.

      Осыған орай Жуалы ауданы әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 "Жайылымдарды жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде ауыл, ауылдық округтер шаруа қожалықтары жалпы аудан аумағындағы төрт түлік мал басының жайылымдық жерлермен қамтылу жағдайына талдау жүргізіледі.

      Жуалы ауданының ауа райы өте континенталды: қысы қатаң, қарлы борандар жиі байқалады, көктемде селдер жүреді, жазы ыстық.

      Қаңтар айының орташа температурасы – 25 – 27 градус, шілде айында 22 – 24 градус. Жылдық атмосфералық жауын-шашынның көлемі орташа 300-500 мм құрайды.

      Қазіргі таңда аудан бойынша мүйізді ірі қара мал 54 623 бас, ұсақ мал 197 310 бас, жылқы 11 821 басты құрайды және аталған малдарға арналған барлығы 14 мал дәрігерлік пункттері, 14 қашырым пунктері, 4 мал көмінділері (биотермиялық шұңқыр) бар.

      Жуалы ауданында 1ауыл, 13 ауылдық округ. 49 елді мекен бар.

      Бүгінгі күнге 2368 шаруа қожалықтары, 4 ауылшаруашылығы кооперативі, 13 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылшаруашылығы өндірісін жүргізуде.

      "Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Билікөл орманшылығының Мойынқұм өңірінің мал жайылымдық жерінде барлығы 67 құдық жүйесі орнатылған. Жуалы ауданында 14 жанама орман пайдаланушылар құдық суларын пайдаланып шаруашылықтарын жүргізуде.

      Жоспардың мақсаты: жайылымдарды басқару және оларды пайдалану.

      Жоспардың іске асырылу мерзімі: 2020 жылдың басынан 2021 жылдың аяғына дейін.

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік- аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

     


Жайылым айналымдарының қолайлы схемасы

     


Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

     


Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

     


Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

     


Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

     


Ауылшаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Ауыл, ауылдық округтердің атауы

Шалғай жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі

Шалғай жайылымдардан малдардың қайтарылу мерзімі

Ескерту

1

Б.Момышұлы

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


2

Ақтөбе

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


3

Ақсай

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


4

Билікөл

Наурыздың 1 жартысы

Қарашаның 2 онкүндігі


5

Боралдай

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


6

Жетітөбе

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


7

Қарасаз

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


8

Қошқарата

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


9

Көкбастау

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


10

Күреңбел

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


11

Қызыларық

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


12

Мыңбұлақ

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


13

Нұрлыкент

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


14

Шақпақ

Сәуірдің 1 жартысы

Қазанның 2 онкүндігі


Жуалы ауданындағы жайылымдардың геоботаникалық жағдайы туралы мәлімет

1. Жалпы мәлімет

      Жуалы ауданы Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан және солтүстік-батысында Талас, солтүстік-шығысында Жамбыл аудандарымен, оңтүстік-шығысында Қырғызстан Республикасымен, оңтүстік-батысы және батысында Түркістан облысымен шектеседі.

      Аудан территориалдық орналасуы бойынша екі учаскеден тұрады – негізгі және Мойынқұм құмдары. Аудан аумағының негізгі жер пайдаланушылары ықшамды массив болып, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке 90 шақырым болса, шығыстан батысқа дейін 80 шақырымды құрайды. Мойынқұм құмдарында орналасқан учаске аудан орталығынан 200 шақырым және ол жерлер мал шаруашылығының қысқы жайлауы болып табылады.

      Ауданның жалпы көлемі әкімшілік шектері бойынша 421,3 мың га, бұл облыс аумағының 2,9 %.

      Аудан орталығы Б.Момышұлы ауылы ауданның шығыс бөлігінде облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан.

      Аудан орталығы сонымен қатар үлкен теміржол стансасы болып табылады. Аудандағы елді мекендермен ішкі байланыс республикалық, облыстық және жергілікті мәндегі жолдармен жүзеге асырылады.

      Ауданда ауылшаруашылығының негізгі саласы - картоп өсіру және сүтті мал шаруашылығы. Бұл саланың дамуы табиғи-климаттық жағдайларға, сонымен қатар үлкен өндіріс орталығы Тараз қаласы жақын орналасуына байланысты. Аудан осы қаланың тұрғындарын картоп және сүтпен қамтамасыз етуде.

Ауданның барлық жерінің жер санаттары бойынша бөліну есебі

Жер санаттарының атауы

Барлығы

Оның ішінде
(суармалы)

1

Ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлер
Оның ішінде:
1) мемлекеттік емес ауылшаруашылық заңды тұлғалардың жерлері
2) мемлекеттік ауылшаруашылық заңды тұлғалардың жерлері
3) шаруа қожалығының жерлері
4) азаматтарға бау-бақша шаруашылығын және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген жерлер

210 772,0
230 754,0
3 028,0
183 990,0
-

8 707,5
1 664,3
76,0
6 967,2
-

2

Елді мекен жерлері

32 551,0

1 529,0

3

Өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер

4 384,0

1,0

4

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

10 633,0

 
4,0

5

Орман қорының жері

103 861,0

8,0

6

Су қорының жері

8 615,0

-

7

Босалқы

42 882,0

192,5


Барлығы:

413 698,0

10 442,0

2. Климат

      Аудан аумағы Тянь-Шаньның таулы және тау маңындағы табиғи-шаруашылық бөлігінде суармалы және богарлық жерлерде орналасып, мал шаруашылығы дамыған болып табылады.

      Аудан агроклиматтық түрі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) өте құрғақ тау маңының аумағы, солтүстік тау маңының бөлігі;

      2) Жуалы ауданының қалған барлық аумағын алатын бөлігі бірыңғай құрғақтау және бірыңғай ыстық аумақ.

      Жалпы ауданның климаты құрғақ және қатты шұғыл континенталдық. Бұл оның ішкі материктік орналасуында болып отыр. Алайда тау жүйелері климатты қалыптастыруға да өз әсерін тигізіп отырады. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік аумағына тән аудан аумағында құрғақ және ыстық климат бар болса, салқын және аздап құрғақ учаскелер де бар.

      Жуалы қазаншұңқырында өте төмен ауа қалыптасып отырады. Бұл негізінен барлық жағынан тау қоршауында болғандықтан орын алады, тек солтүстік-шығысындағы тар өткелден сібір антициклоны мен арктикалық суық кіріп отырады. Қысы ұзақ және суық. Теріс орташаайлық температура бес ай бойы сақталады.

      Аудан аумағы бойынша ылғалдың түсуі біркелкі емес. Атмосфералық ылғалдың өте аз түсуі солтүстік-шығыс бөлігінде байқалады. Жылына орташа 324 мм ылғал түседі.

      Негізінен ауданның батыс бөлігіндегі таулы аймақтарда ылғал көп түседі, орташа түсім 636 мм жетеді. Көктем кезінде ылғал өте көп болады. Бұл кезде жылдық мөлшердің 40 % түседі. Жазда, әсіресе екінші жартысында, ылғал өте аз болады. Ылғал түскен кезде жылына 20 күн найзағай болады. Күннің күркүреуі мамыр, маусым айларында жиі болады.

      Ауылшаруашылығы өндірісінің түрлі саласын дамытуға климаттық жағдайлар қолайлы әсер етеді. Таулы аймақтарда, ылғалдың көп түсуіне байланысты, тәлімі жер пайдалану дамыған. Негізінен жаздық дәнді дақылдар өсіріледі, өйткені күздік бидай қыстың суығын нашар өткізеді.

      Суармалы жерлерде картоп және көкөніс өсіреді. Бау-бақша дамытуға болады. Көкөніс өсіру кезінде көктемнің үсіктері қиындық туғызады.

      Ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде ылғалдың аз түсуіне сәйкес егін шаруашылығы қосымша суару арқылы жүргізіледі. Тау баурайлары жазғы және көктем-күзгі уақыттарда жайылым ретінде пайдаланып, ірі-қара мал, қой және жылқы өсіріледі.

3. Рельеф

      Жуалы ауданының аумағында таулы, сол сияқты тегіс бедерлер дамыған. Тау сілемдері орталық, оңтүстік және оңтүстік-батыс ауданның бөліктерін алып жатыр. Олар тар тау аңғарларымен бөлінген тегіс бедерлер ауданның солтүстік бөлігінде байқалады.

      Ауданның оңтүстік бөлігінде Талас Алатауының жотасы өтеді. Ал оңтүстік-батысында ауданның аумағына Боралдай тауы кіреді, ол үлкен Қаратау тау сілемдеріне жатады. Биік тау беткейлерінің ауданы көктемгі-күзгі жайылым ретінде пайдаланылады және жаз кездері малдың барлық түрлеріне жарайды. Жер бедерінің күрделігіне сәйкес егіншілік жүргізу мүмкін емес.

      Оңтүстіктегі Талас Алатауы тау жүйесі, батыстағы Боралдай тауы және Қаратау жоталары орналасқан аралықта 960-1500 метр теңіз деңгейінен жоғарыда еңістеу-жайпақ жазық Жуалы қазаншұңқырында аудандағы ең құнарлы жерлер шоғырланған.

      Таулы жерлердің бедерін өзендердің арналары, сайлар бөлшектеп тастағандықтан ол жерлерді егіншілікке пайдалану қиыншылықтар туғызады. Бұл негізінен жайылымдық жерлер. Ауданның тау аралық жерлерінде ауыл шаруашылық техникаларын пайдалану қиындық туғызады.

4. Өсімдіктер

      Аудан аумағы өсімдіктің көптігімен ерекшеленеді, өйткені жазық бөліктегі географиялық жағдайлар әсер етсе, ал таулы аймақта - тік аймақты заңдылықтардың әсері болады.

      Боралдай және Талас Алатауының тауларында тау шабындықтары орналасқан. Бұл жаздық жайылымда барлық малға арналған сіңімділігі жоғары өсімдіктер бар. Өнімділігі 15-25 ц/ га көк майса.

      Төменгі және тау маңындағы учаскелер негізінен жайылымдық шөп орылатын жерлер. Жайылымның қайырылу мерзімі – көктем-күз.

      Жайылым жерлер көбінесе селеулі – бетегелі-жусанды, бетегелі-жусанды, дәнді – жусанды – бозды - бетегелі, бидайықты – айрауықты - дәнді, қияқ - дәнді және қияқ – дәнді - құрақты күрделі байланыстырылған қоғамдастықтарымен ұсынылған.

      Теріс өзенінің жайылма бөлігінде өсімдіктердің түрлері жер суының жағасында болғандықтан кездеседі. Негізінен бұл аймақ шөп орылатын жерлер ретінде пайдаланылады, өнімділігі 10-18 ц/га шөп. Кейбір учаскелер малдың барлық түрлерімен құртылады. Теріс өзенінің жоғары жайылма террассасы интенсивті егін шаруашылығына жатады. Табиғи өсімдіктер егістік көп жолдардың жағалауында сақталып қалған.

      Сонымен, аудан аумағындағы шабындық және жайылымдық жерлерді барлық мезгілде пайдалануға болады.

      Табиғи жерлердің өнімділігін көбейту мақсатында және топырақтың су эрозиясының дамуын тежеу үшін мал жаюды қатаң реттеп, жайылым айналмасын енгізіп, шөп егіп, жайылымды мезгілімен пайдаланған жөн.

      Жайылымдарды қолданудың күнтізбелік графигін есепке ала отырып бір рет жайылғаннан кейінгі алты өрістік жайылым айналымының сызбасының үлгісі.

Жылдар

Жайылым өрістіктердің нөмірі

I

II

III

IV

V

VI

1

Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы

Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы

Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы

Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы

Бір рет жайылған 01.10. мен10.11. аралығы

Дала демалысы (жайылым жүрмейді)

2

Дала демалысы (жайылым жүрмейді)

Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы

Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы

Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы

Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы

Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы

3

Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы

Дала демалысы (жайылым жүрмейді)

Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы

Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы

Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы

Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы

4

Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы

Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы

Дала демалысы (жайылым жүрмейді)

Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы

Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы

Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы

5

Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы

Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы

Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы

Дала демалысы (жайылым жүрмейді)

Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы

Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы

6

Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы

Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы

Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы

Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы

Дала демалысы (жайылым жүрмейді)

Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы

      Көріп отырғандай, жайылым айналымы сызбасында, 6 жылда бір рет шөп жайылымдарына "демалыс" беріледі, яғни жайылым деградациясының алдын алады.

5. Топырақ

      Аудан аумағында көп таралған топырақтың ақшыл сары карбонатты түрлері кездеседі. Олар негізінен орта және төменгі тау аумағындағы жазықтарда, сондай-ақ төменгі үстірттерде, ылдиларда таралған. Бұл топырақтар негізінен ауданда тәлімді және суармалы егін шаруашылығы үшін игеріледі.

      Ауданның солтүстік-шығысы бөлігінде жәй сұр жерлер таралған. Бұл сұр жерлердің онға жуық түрі бөлінген. Олардың негізінен механикалық құрамы орташа және жеңіл сазды.

      Билікөл көлінің ауданында және өзендердің алқаптарында шалғынды-сұр жерлер, сұр-шалғынды және шалғынды топырақтар таралған. Бұл топырақтардың құрамында қарашірік өте көп. Тұздалмаған және терең тұздалған бұл топырақтар түрлері аудандағы ең жақсы жерлер болып саналады, ол жерлерге ауылшаруашылығы дақылдарының барлық түрлерін өсіруге болады. Сортаң және қатты сортаң жерлердің жайылым және шөп орып алу үшін пайдаланылады.

      Тау бедерлерінің қиыншылықтарына сәйкес айдалатын жерлерді егін шаруашылыққа пайдалану мүмкін емес. Сондықтан ол жерлерді жайылымдыққа ұсынылады.

6. Гидрография және суландыру

      Аудан гидрографиясының жүйесі жақсы дамыған және де кішігірім, бірақ көптеген өзендер, бұлақтар, бастаулармен ұсынылған. Аудан аумағындағы гидрография элементтері суландыратын каналдар, тоғандар, су қоймалары және "Қарасу"-жерасты суының шығуы мен суландыратын сулар болып табылады.

      Теріс өзені Аса өзенінің сол саласы болып табылады және ол 200-1500 метр биіктіктегі Талас Алатауының қиылысқан жеріндегі бастаудан басталады. Өзеннің орташа еңістігі 7,6%. Теріс өзенінің барлық ұзындығы бойынша жайылма жерлер екі жақты, шөпті, 150-250 метр, ол Нұрлыкент ауылының тұсында - 480 метр. Өзеннің арнасы бұралаңды, салаланбаған, орнықты. Басым бөлігінің ені 10-20 метр, ең үлкені 40 метр, тереңдігі 0,5-0,8 метр. Нұрлыкент ауылының төменгі жағында Теріс өзеніне Теріс Ащыбұлақ су қоймасы салынған. Бұл су қоймасы суландыру үшін және өзеннің мерзімдік ағысын реттеп отыру үшін. Сиымдылығы 0,158 км3.

      Ақсай өзені Талас Алатауының солтүстік беткейлерінен бастау алады және Теріс өзеніне құйылады.

      Көксай өзені Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 2500 метр биіктікте орналасқан тау көлінен басталып, Теріс өзеніне жетпей жоғалып кетеді.

      Аудан аумағында Қаратаудың етегінде Билікөл көлі орналасқан. Көл оңтүстіктен солтүстікке қарай созылған және дұрыс емес түрде. Өзен айдынның көлемі 87 км2, ең терең жерлері 6-7 метр. Көлдің жағалаулары Аса өзенінің сағасында жайпақ және солтүстігін қамыс басқан.

      Ауданда су асты суларын негізінен жайылымдарды суландыру үшін пайдаланады.

7. Жайылым геоботаникасы

      Жайылым өнімділігі анықтау үшін Республикалық мемлекеттік "МемҒӨОжер" кәсіпорыны мамандарының 1980-2012 жылдарда өткен геоботаникалық зерттеулерінің деректері қолданылды. Жайылым жерлердің құрғақ массасының орташа өнімділігі 3,3 цн/га, азық өлшеміне қайта есептегенде -1,5 цн/га. Осыны қорытындылай келе, аудан жеріндегі азық бірлігіндегі қосалқы азық салмағын есептеп шығаруға болады:1,5*224 956 га=337434 цн азық бірлігі.

      Жайылымдағы қосалқы азық 180-200 күнге жалғасатын жайылым кезеңінде қолданылады. Шабылған шөп пен жасанды шабылған шөптің қосалқы азығы қыстау кезеңінде қолданылады.

8. Жайылым сыйымдылығы

      Жайылым сыйымдылығын анықтау, жайылым кезеңінде оның өнімділігі туралы деректер негізінде жүргізілді. Шамамен алғанда, жасыл азықтың келесі нормалары алынды (орта есеппен бір бас малға): ірі қара мал (бір бас) - 4 кг, ұсақ мал (бір бас) - 2 кг, жылқы - 6 кг. Жайылым кезеңінің ұзақтылығы 180-200 күн. Осылайша, жайылым өнімін, малдың жасыл азықты бір күндегі қажет ету көлемін, жайылым кезеңінің ұзақтылығын біле отырып, жайылымның сыйымдылығын анықтауға болады.

      Жайылымның орташа өнімділігі, яғни бір гектардан құрғақ масса 3,3 цн, жайылым ұзақтығы 180 күн, ірі қара мал бір басына күніне 4 кг жасыл азық қажет, демек жайылымның барлық кезеңінде 4*180=720 кг немесе 7,2 цн қажет.

      Жуалы ауданының ауыл, ауылдық округтер бойынша ветеринариялық-санитарлық объектілер туралы мәлімет

Ауыл, ауылдық округтердің атауы

Мал дәрігерлік пунктері

Мал тоғыту орындары

Қашырым пунктері

Мал көмінділері

1

Б.Момышұлы

1

-

1

-

2

Ақсай

1

-

1

-

3

Ақтөбе

1

-

1

-

4

Билікөл

1

-

1

-

5

Боралдай

1

-

1

1

6

Жетітөбе

1

-

1

-

7

Қарасаз

1

-

1

-

8

Қошқарата

1

-

1

-

9

Көкбастау

1

-

1

1

10

Күреңбел

1

-

1

1

11

Қызыларық

1

-

1

-

12

Мыңбұлақ

1

-

1

1

13

Нұрлыкент

1

-

1

-

14

Шақпақ

1

-

1

-


Барлығы

14

0

14

4

Иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер

Шаруа қожалық иелерінің аты-жөні

Мал басының есебі

Мүйізді ірі қара мал

Мүйізді ұсақ мал

Жылқы

Құс

1

Ақсай ауылдық округі бойынша

1657,0

6919,0

458,0

3960

оның ішінде:


Калдарбеков Шаяхмет

60

-

15

-


Кадыров Сат

75

-

-

-


Олжабаева Базаркүл

86

692

57

-


қосалқы шаруашылықта

1436

6227

386

-

2

Ақтөбе ауылдық округі бойынша

3167,0

10779,0

645,0

5215

оның ішінде:


Каримова Светлана

225

-

-

-


Ишанкулова Лайла

-

-

95

-


Токтаев Сейдакпар

75

895

112

-


Тойшибеков Азимхан

-

685

107

-


қосалқы шаруашылықта

2867

9199

331

-

3

Боралдай ауылдық округі бойынша

3190,0

18109,0

1292,0

5642

оның ішінде:


Айгелдиев Хамит

107

1665

72

-


Дуйсебекова Алтынай

159

-

43

-


Жайшыбеков Марат

96

850

106

-


Жумадилов Мусрепбек

-

920

51

-


Қонашева Жәмиля

-

1240

82

-


Курмашев Естай

37

910

39

-


Мешелов Кенже

224

1620

132

-


Мырзалиев Нургали

-

640

-

-


Сұрамысов Аманкелді

-

1700

-

-


Адилов Бауыржан

-

915

-

-


қосалқы шаруашылықта

2567

7649

767

-

4

Билікөл ауылдық округі бойынша

2031,0

46047,0

2709,0

4300

оның ішінде:


Омаров Нартбай

126

2560

116

-


Айхимбеков Бахытжан

-

1950

87

-


Паширов Тұрсынбай

-

687

42

-


Тажиев Амангелды

138

4176

158

-


Мұстафаев Мұрат

130

1960

88

-


Қайнарбеков Төрехан

106

891

36

-


Мышбаев Қадырқұл

180

5257

250

-


Лұхманова Тажикул

-

950

95

-


Абсалямова Хазиза

-

2245

136

-


Оразымбетов Жұмабек

47

947

-

-


Бейсенбаева Канымкул

-

1560

82

-


Цой Евгений


-

215

-


Абдуалиев Полат

-

760

-

-


қосалқы шаруашылықта

1304

22104

1404

-

5

Б.Момышұлы ауылы бойынша

1524,0

6387,0

117,0

11056

оның ішінде:


қосалқы шаруашылықта

1524

6387

117

11056

6

Нұрлыкент ауылдық округі бойынша

3978,0

6899,0

306,0

4325

оның ішінде:


Жұмашев Әбен

-

760

57

-


Елекбаев Айбек

-

675

89

-


Төлегенов Мейірбек

218

-

77

-


қосалқы шаруашылықта

3760

5464

83

-

7

Жетітөбе ауылдық округі бойынша

4083,0

19000,0

645,0

5358

оның ішінде:


Саурықов Еркебұлан

376

1850

85

-


Наушабаев Қанат

275

1250

105

-


Абдрахов Естөре

112

1340

77

-


Қадірбаев Өтеш

-

980

43

-


Жақсылықов Рахым

218

-

-

-


Жақыпбеков Алби

120

1520

65

-


қосалқы шаруашылықта

2982

12060

266

-

8

Қарасаз ауылдық округі бойынша

4214,0

9364,0

663,0

5064

оның ішінде:


Махатаев Әмірқұл

136

-

-

-


Орақов Орынбасар

-

645

-

-


Ертаев Лесбек

-

940

-

-


Ахметов Абылнұр

72

520

-

-


Сегізбаев Дархан

-

436

-

-


Қойбақов Сейтхан

36

1100

62

-


Темірбекова Жанылкүл

170

1554

84

-


қосалқы шаруашылықта

3800

4169

517

-

9

Қошқарата ауылдық округі бойынша

3160,0

18252,0

706,0

4342

оның ішінде:


Маханбетов Болат

-

1560

83

-


Абдикеров Сағындык

-

1325

48

-


Тажибаев Досан

-

1146

53

-


Дазиев Е

97

1215

-

-


Төлеушов Ерболат

130

1400

96

-


Қадыров Ерғали

146

-

-

-


Дазиев Муцелик

95

1355

-

-


Толипбеков Досымбек

110

-

-

-


Бердалиева Роза

-

-

156

-


Тасболатов Мади

150

-

116

-


Әбдіқадыров Баймен

-

1450

98

-


қосалқы шаруашылықта

2432

8801

56

-

10

Көкбастау ауылдық округі бойынша

3004,0

12764,0

722,0

4694

оның ішінде:


Нұрпейсов Сағынбек

-

850

-

-


Раздыков Кенжехан

-

1055

-

-


Айнабекова Беріккүл

210

1150

-

-


Абдреева Б

-

1500

86

-


Турашева Мария

-

1260

43

-


қосалқы шаруашылықта

2794

6949

593

-

11

Күреңбел ауылдық округі бойынша

3081,0

16565,0

665,0

4879

оның ішінде:


Нысанов Алик

70

550

-

-


Төре Руслан

-

750

-

-


Арынов Марат

-

686

-

-


қосалқы шаруашылықта

3011

14579

665

-

12

Қызыларық ауылдық округі бойынша

3068,0

5753,0

810,0

4946

оның ішінде:


Үсенбаев Дәулет

-

856

245

-


Ахметов Асқар

97

628

156

-


Елекбаев Айбек

-

1230

125

-


Исаков Нұрмаханбет

84

1872

127

-


Халыкова Қалдыкүл

-

-

142

-


қосалқы шаруашылықта

2887

1167

15

-

13

Шақпақ ауылдық округі бойынша

3283,0

9799,0

786,0

4369

оның ішінде:


Коломацкий Виктор

115

-

62

-


Копбай Феруза

130

-

37

-


Нұралы Орынбасар

165

-

-

-


Федотова Оксана

356

-

-

-


Сәбеев Сайып

215

-

42

-


қосалқы шаруашылықта

2302

9799

645

-

14

Мыңбұлақ ауылдық округі бойынша

1654,0

7543,0

386,0

4596

оның ішінде:


Ашықбеков Шырынбек

-

-

105

-


Қаңтарбаева Анар

-

-

120

-


Төреқұлов Нұрлыхан

-

900

-

-


қосалқы шаруашылықта

1654

6643

161

-


Барлығы

41094,0

242201,0

10910,0

72 746

Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер

Ауыл, ауылдық округтердің атауы

Табын, отар, үйірлердің саны

Мүйізді ірі қара (табын)

Жас мүйізді ірі қара

Мүйізді ұсақ мал (отар)

Жылқы (үйір)

1

Б.Момышұлы

-

-

-

-

2

Ақсай

4

-

2

2

3

Ақтөбе

6

-

3

6

4

Боралдай

12

-

20

10

5

Билікөл

14

-

48

26

6

Нұрлыкент

4

-

3

6

7

Жетітөбе

22

-

14

7

8

Қарасаз

8

-

10

3

9

Қошқарата

15

-

19

13

10

Көкбастау

4

-

12

3

11

Күреңбел

2

-

4

-

12

Қызыларық

4

-

9

16

13

Шақпақ

19

-

-

3

14

Мыңбұлақ

-

-

2

4


Барлығы

114

0

146

99

Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Елді мекен атауы

Елді- мекен жерлері

Оның ішінде халық қажеттілігі үшін (жайылымы және шабындық алқаптары)

Жеке қожалық және шаруа қожалықтарды мал бас саны

Бір басқа қажет жайы-лым көлемі
(га)

Норматив бойынша қажет жайылым көлемі
(га)

1

Ақсай ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

675 га

Жайылымы
294 га

МІҚ-4539
МҰМ-6374
Жылқы-528

4,0
0,8
4,8

18 156
5099
2534


Барлығы:



11 441


25 789

2

Ақтөбе ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

2087 га

Жайылымы
1221 га

МІҚ-3058
МҰМ-7174
Жылқы-1190

4,0
0,8
4,8

12 232
5739
5712


Барлығы:



11 422


23 683

3

Жетітөбе ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

3070 га

Жайылымы
1966 га

МІҚ-6362
МҰМ-27744
Жылқы-1072

4,0
0,8
4,8

25 448
22195
5145


Барлығы:



35 178


52 788

4

Билікөл ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

3028 га

Жайылымы
2465 га

МІҚ-2307
МҰМ-34718
Жылқы-2215

4,0
0,8
4,8

9 228
27744
10632


Барлығы:



39 240


47 634

5

Боралдай ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

3608 га

Жайылымы
2893 га

МІҚ-4527
МҰМ-18904
Жылқы-1383

4,5
0,9
5,4

20 371
17013
7468


Барлығы:



24 814


44 852

6

Күреңбел ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

4124 га

Жайылымы
3618 га

МІҚ-3306
МҰМ-16814
Жылқы-689

4,5
0,9
5,4

14 877
15132
3720


Барлығы:



20 809


33 729

 
7

Көкбастау ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

2096 га

Жайылымы
1044 га

МІҚ-3058
МҰМ-13720
Жылқы-651

4,0
0,8
4,8

12 232
10976
3124


Барлығы:



17 429


26 332

8

Қарасаз ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

2234 га

Жайылымы
1484 га

МІҚ-4989
МҰМ-6327
Жылқы-542

4,0
0,8
4,8

16 856
7491
3182


Барлығы:



11 858


27 529

9

Қошқарата а/о Шаруа қожалықтар бойынша

2394 га

Жайылымы
1976 га

МІҚ-3628
МҰМ-23699
Жылқы-536

4,5
0,9
5,4

16 326
21329
2894


Барлығы:



27 863


40 549

10

Қызыларық ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

2841 га.

Жайылымы
2134 га.

МІҚ-2300
МҰМ-9522
Жылқы-1078

4,0
0,8
4,8

9 200
7617
5174


Барлығы:



12 900


21 991

11

Мыңбұлақ ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

1508 га

Жайылымы
661 га

МІҚ-2772
МҰМ-6203
Жылқы-372

4,0
0,8
4,8

11 088
4962
1785


Барлығы:



9 347


17 835

12

Нұрлыкент ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

1901 га

Жайылымы
1392 га

МІҚ-5888
МҰМ-7976
Жылқы-396

4,5
0,9
5,4

26 496
7178
2138


Барлығы:



14 260


35 812

13

Шақпақ ауылдық округі шаруа қожалықтар бойынша

2170 га

Жайылымы
1355 га

МІҚ-5027
МҰМ-13773
Жылқы-818

4,0
0,8
4,8

20 108
11018
3926


Барлығы:



19 618


35052

14

Б.Момышұлы ауылы шаруа қожалықтар бойынша

815 га

Жайылымы
3,0 га

МІҚ-2862
МҰМ-4362
Жылқы-351

4,5
0,9
5,4

12 879
3925
1895


Барлығы:



7 575


18 699


Аудан бойынша

32 551

22 578

МІҚ- 54 623
МҰМ-197 310
Жылқы-11 821


452 274

      Кестенің жалғасы:

Қосымша қажет етілетін жайы-лым көлемі (га)

Қосымша берілетін жайылымдар

Оның ішінде

Мемлекеттік жер қорынан (га)

Елді-мекен жерінен (га)

Орман жер қорынан (га)

Шаруа қожалық жайылым жерлерінен

 
25 789

3 850

294

4 708

905

23 683

-

1 221

-

3 172

52 788

1 626

1 966

2 000

3 087

47 634

1 658

2 465

12 791

30 720

44 852

2 653

2 893

820

9 308

33 729

1304

3 618

863

3 701

26 332

1 297

1 044

-

7 986

27 529

592

1 484

824

3 012

40 549

6

1 976

1 319

7 600

21 991

2 497

2 134

-

2 696

17 835

3 104

661

40

3 123

35 812

-

1 392

-

828

35 052

-

1 355

2 292

2 690

18 699

-

3

-

4 404

452 274

18 587

22 506

25 657

83 232

      Ескерту: МІҚ – мүйізді ірі қара, МҰМ – мүйізді ұсақ мал.

Екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мен айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылым кезеңінің ұзақтығы.

      Топырақтық-климаттық аймаққа, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылымы өнімділігіне байланысты жайылымның ұзақтық кезеңі:

      таулы, орманды дала –170-180 күн;

      құмды шөлейтте – 180-200 күн.

      Сүтті ірі қара малды жаю ұзақтығы - ең кіші, ал етті ірі қара мал, қой, жылқы, түйе үшін – максималды және қар жамылғысының тереңдігіне, қардың тығыздығына және басқа да факторларға байланысты.

Малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер

      Жуалы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге және көшіруге 1870 гектар жер белгіленген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады