"Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 46-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 65-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 4583 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 қазандағы № 74-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 26.10.2020 № 74-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 46-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4243 болып тіркелген, 2019 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      7 тармақтың 1) тармақшасында:

      1.1. бағанасындағы "30 000 (отыз мың)" деген сандар мен сөздер "100 000 (жүз мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      2) тармақшасында:

      2.1. бағанасындағы "30 000 (отыз мың)" деген сандар мен сөздер "100 000 (жүз мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      3) тармақшасында:

      3.1. бағанасындағы "300 000 (үш жүз мың)" деген сандар мен сөздер "1 000 000 (миллион)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      3.2. бағанасындағы "30 000 (отыз мың)" деген сандар мен сөздер "60 000 (алпыс мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      3.4. бағанасындағы "100 000 (жүз мың)" деген сандар мен сөздер "50 000 (елу мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      4) тармақшасында:

      4.1. бағанасындағы "30 000 (отыз мың)" деген сандар мен сөздер "100 000 (жүз мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      9 тармақ келесі мазмұндағы 9-2) тармақшасымен толықтырылсын:

      "9-2) адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) ауруымен ауыратын азаматтарға екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меркі аудандық мәслихатының
      сессия төрайымы А. Калкабаева
      Меркі аудандық мәслихатының
      хатшысы И. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады