Мойынқұм аудан әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы "Аудан, ауыл, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" №37 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 288 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қазанда № 4773 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына 37 бабына 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мойынқұм аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы "Аудан, ауыл, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 37 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 наурызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының басшысы Көшкімбаев Манарбек Өсербекұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мусаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады