"Т. Рысқұлов ауданы аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы" Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 05 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 маусымда № 4628 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес Т. Рысқұлов аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Т. Рысқұлов ауданы аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 02 шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4479 болып тіркелген, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Терликбаев Алибек Мамытжановичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашкы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т. Рысқұлов ауданы әкімі Е. Садыркулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облыстық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ______________С.Айдапкелов

      "___" ____________2020 ж.

  Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 маусымдағы
  № 05 шешіміне қосымша

Т. Рысқұлов ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      № 328 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды, Мамай ауылдары.

      № 329 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Тереңөзек ауылдық округінің Тереңөзек, Көкарық, Шолаққайынды ауылдары.

      № 330 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Ақыртөбе ауылдық округінің Ақыртөбе ауылы.

      № 331 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Өрнек ауылдық округінің Өрнек ауылы.

      № 332 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Өрнек ауылдық округінің Жарлысу, Сұңқайты ауылдары.

      № 333 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Ақыртөбе ауылдық округінің Малдыбай ауылы.

      № 334 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Ақниет ауылдық округінің Д.Қонаев, Абылхайыр ауылдары.

      № 335 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құмарық ауылдық округінің Алғабас ауылы.

      № 336 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құмарық ауылдық округінің Құмарық, Қаракемер ауылдары.

      № 337 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Көгершін ауылдық округінің Көгершін, Қосапан ауылдары.

      № 485 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Өрнек ауылдық округінің Сәлімбай ауылы.

      № 339 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Көкдөнен ауылдық округінің Көкдөнен ауылы, Құмарық станциясы.

      № 340 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Көкдөнен ауылдық округінің Жақсылық ауылы.

      № 341 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құлан ауылдық округі, Құлан ауылы, С.Жамбылов, Жібек жолы (№ 143-245 тақ жағы, № 170 – 320 жұп жағы), Желтоқсан, М.Әуезов, Ш.Айманова, Қ.Сатпаев, Шөңгер ауылы, Алматы, Сырдария, М.Өтемісұлы, Сембиев, Жангелдина, Сыпатай көшелері.

      № 342 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құлан ауылдық округі, Құлан ауылы В.Метте, Ә.Исмаилов, А.Исаұлы, М.Тәтібеков, Ә.Тлепов, Жетісу, Ш.Ұлтарақов, Абай, Амангелді, Амангелді бұрылысы, Тоқабай, Ш.Уалиханов, Н.Аденұлы, А.Сухамбай көшелері.

      № 343 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құлан ауылдық округі, Құлан ауылы Д.Оспанов, Алтынсарин, М.Исбаев, Б.Абрайымұлы, Қажымұхан, К.Әзірбаев, Т.Қуанышбекұлы, Медеу, Сарымолдаев, Абылайхан, Ә.Молдағұлова, Рахманберді, Ш.Қалқабай, Р.Медеулов, Балуан шолақ, Ю.Гагарин, Е.Қаратышқанов, Қ.Асылов, Т.Смаилов, А.Исаев, көшелері.

      № 344 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құлан ауылдық округінің Қарақат ауылы.

      № 345 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Өрнек ауылдық округінің Әбжапар ауылы.

      № 346 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Абай ауылдық округінің Еңбекші, Көкарық ауылдары.

      № 347 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қарақыстақ ауылдық округінің Каменка ауылы.

      № 348 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қарақыстақ ауылдық округінің Қазақ ауылы.

      № 349 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қарақыстақ ауылдық округінің Жалпақсаз ауылы.

      № 350 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қарақыстақ ауылдық округінің Тасшолақ ауылы.

      № 351 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Жаңатұрмыс ауылдық округінің Жаңатұрмыс ауылы және Мөңке разъезі.

      № 352 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қорағаты ауылдық округінің Қорағаты, Аққайнар, Тойқұдық, Мамыртөбе ауылдары және Қорағаты темір жол станциясы.

      № 486 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құлан ауылдық округінің Құлан ауылының Жібек жолы № 3-141, 1-168, Жібек жолы көп пәтерлі үйлер, Жібек жолы бұрылысы, Бектенбай, Жұманбекұлы, Төле би, Төле би бұрылысы, Қ.Датқа, Ө.Ақжолұлы, Қ.Қонаров көшелері.

      № 354 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Ақбұлақ ауылдық округінің Қызылшаруа ауылы.

      № 355 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Ақбұлақ ауылдық округінің Р.Сабденов ауылы.

      № 356 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Ақбұлақ ауылдық округінің Бәйтелі ауылы.

      № 357 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Луговой ауылдық округінің Луговой ауылының Т.Рысқұлов, Ә.Райқұлов, А.Ыбрайымұлы, Т.Қуанышбекұлы, Түркісіб, 2-Луговская, Ш.Егембердіұлы, С.Аденұлы, С.Есімұлы (№ 1а- 73 тақ жағы, № 4-94 жұп жағы), Жеңіс, Ғарышкер, Ынтымақ, 2-мөлтек ауданы, Қ.Абикулов, Тәуелсіздік, А.Дәулетұлы (№ 1/1-27 екі жақ беті), Казарма, Кең дала көшелері, Ә.Райқұлов 1-бұрылысы, Ә.Райқұлов 2-бұрылысы, С.Есімұлы бұрылысы, А.Ыбрайымұлы бұрылысы.

      № 358 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Луговой ауылдық округінің Луговой ауылының А.Болыс Еңбекші, А.Қазыбекұлы, С.Әділұлы, А.Нұрмағамбетов, Р.Құрымбаев, А.Пушкин, Игілік, М.Маметова, Жамбыл, Алматы құрылыс, Абай, Алатау, А.Дәулетұлы (№ 28 – 65 екі беті), С.Есімұлы (№ 75-117 тақ жағы, № 100-134 жұп жағы), Қарасу, Желтоқсан, А.Исаев, Жабира, Ақжол, И.Плотников (№ 1-3/1 екі беті) көшелері, Б.Абуталипов бұрылысы, Жабира бұрылысы, А.Болыс бұрылысы.

      № 359 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Луговой ауылдық округінің Луговой ауылының Қ.Ахметжанов, Ақбұлақ, С.Әлімқұлов, Степная, И.Плотников (№ 3/2 -13/2 екі беті), Жантелі батыр көшелері, Теміржолшы шағын ауданы.

      № 360 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құлан ауылдық округі, Құлан ауылы Ақмола, Астана, Ақ жайық, Сарыарқа, Қостанай, Каспий, О.Болысов, С.Садыков, А.Шахабай, Шахабай 1-2 бұрылысы, Ж.Үмбетұлы, Жамбыл, М.Маметова, Ниязалы, көшелері.

      № 487 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қайыңды ауылдық округінің Сөгеті ауылы және № 2035 әскери бөлім.

      №362 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құлан ауылдық округі, Құлан ауылы А.Қарсыбаев, С.Муханов, Т.Рысқұлов, И.Панфилов, С.Сейфуллин, Сулутөр, Сулутөр бұрылысы, Р.Тажиев, Б.Тажибаев, Наурыз, Достық, Ертіс, А.Уколов, Зайсан, Саяхат көшелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады