"Т. Рысқұлов ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 қазандағы № 8-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 59-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 4743 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 15-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 04.03.2022 № 15-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Т.Рысқұлов ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 қазандағы № 8-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3205 болып тіркелген, 2016 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасындағы "тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын кұжат;" деген жол алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тұрар Рысқұлов аудандық
      мәслихаттың сессия төрағасы К. Мадалиев
      Тұрар Рысқұлов аудандық
      мәслихат хатшысы Т. Джаманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады