"Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 қазандағы №8-13 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 80-7 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 4762 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабы, 5–тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Талас ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 қазандағы № 8-13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3203 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 04 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Талас ауданы мәслихаты аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімның орындалуын бақылау Талас ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Сабыргали Абдрахимбаевич Рысбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы Г. Картабаев
      Талас аудандық мәслихат хатшысы А. Тулебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады